
1.Наным туралы. Бірде бүкіл ауыл болып тасаттық жасамақ болады. Белгіленген күні жұрт ауылдағы алаңға ағыла бастайды. Бірақ тек бір балақай ғана өзімен бірге қолшатыр ұстап шығады. Бұл шынайы Нанудың белгісі.
2. Сенім. Баламен ойнап, оны көкке көтеріп, лақтырып, қайта тосып аласыз. Ол қуанып, күледі. Өйткені, тосып алатыныңызды біледі. Бұл нағыз Сенім.
3. Үміт. Күнде кешкілік ертең қайтып оянар-оянбасымызға еш кепілдік жоғын білсек те оятқышты қосамыз. Міне, шынайы үміт осы.
4. Батылдық. Қанша өмір сүретінімізді білмесек те келешекке жоспар құруды жақсы көреміз. Бұл нағыз Батылдық.
5. Сенімділік. Күнделікті қаншама адам қиянаттан жапа шегіп, уайым-қайғымен өмір сүріп, бір-біріне мағынасыз мұң сыйлайтынын көріп-білсек те, мұндай қателікке өзіміз де ұрынып қалуымыз мүмкін екенін толыққанды түсініп тұрсақ та, әр адам баласы үйленуге асығады. Одан артығы жоқтығына Өмір сендіреді.