ИМАНАШАР

ПІТІР САДАҚА

Санат: ИМАНАШАР
Уақыты: 30.04.2019
Оқылды: 594 Печать страницы
ПІТІР САДАҚА

Пі­тір сө­зі (араб ті­лін­де)  «жа­ра­ты­лыс» де­ген ма­ғы­на­ны біл­дір­ген­дік­тен, кей­бір ғұ­ла­ма­лар пі­тір са­да­қа­сын «де­не­нің зе­ке­ті» деп ата­ған.

Пі­тір са­да­қа­сы  күн­де­лік­ті қол­да­ны­ла­тын не­гіз­гі қа­жет­те­рі­нен тыс, кем де­ген­де, ни­сап мөл­ше­рін­де­гі (85 г. ал­тын не­ме­се құ­ны­на тең) бай­лық­қа ие адам­ға уә­жіп са­да­қа. Ол  һиж­рет­тің екін­ші жы­лы, Ра­ма­зан ора­за­сы па­рыз етіл­ген жы­лы уә­жіп етіл­ді.

Пі­тір са­да­қа­сы Ора­за айт кү­ні таң аты­сы­мен уә­жіп бол­ға­ны­мен, бір­не­ше күн, тіп­ті бір­не­ше ай не­ме­се жыл бұ­рын бе­ру­ге де бо­ла­ды.

Бұл са­да­қа­ның Ора­за айт на­ма­зы­на дейін бе­ріл­ге­ні дұ­рыс. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) :

«Осын­дай күн­де (айт мей­рам кү­ні) ке­дей­лер­ді қайыр са­да­қа ті­леуге мұқ­таж ет­пең­дер», – де­ген.

Бүкіл ел қуа­нып, той­лай­тын мей­рам кү­нін­де пі­тір са­да­қа­ла­ры ар­қы­лы қа­жет­ті нәр­се­ле­рін алып, кедейлердің де жұрт қатарлы жадырауын ойла­ған Ис­лам ді­ні – қан­дай ке­ре­мет дін!

Түрлі себептермен атал­мыш мер­зім­нен қан­ша ке­шік­ті­ріл­се де, пі­тір са­да­қа­сы мін­дет­ті түр­де бе­рі­луі тиіс. Пі­тір са­да­қа­сын айт кү­ні таң аты­сы­мен бе­ру уә­жіп бол­ған­дық­тан, атал­мыш уа­қыт­тан бұ­рын дү­ние­ден өтіп кет­кен адам­дар үшін уә­жіп емес. Бі­рақ, осы уа­қыт­тан кейін қайтса, ар­тын­да қал­ған туыс­та­ры қайт­қан адам­ның ма­лы­нан өтейді. Сол сияқ­ты таң ат­пай дү­ниеге кел­ген сә­би­ге пі­тір са­да­қа­сы  уә­жіп. Ал, таң ат­қан­нан кейін туыл­ған ба­ла­ға – уә­жіп емес.

Пі­тір са­да­қа­сы әр­бір ни­сап мөл­ше­рі­не ие азат мұ­сыл­ман үшін – уә­жіп. Пі­тір са­да­қа­сы уә­жіп бол­ған мұ­сыл­ман ни­сап мөл­ше­рін­де байлы­ғы жоқ әйелі мен кіш­кен­тай ба­ла­ла­ры үшін де бе­ру­ге тиіс.

Бір адам­ның пі­тір са­да­қа­сы  бір мұқ­таж адам­ға бе­рі­ле­ді. Бі­рақ бір адам­ның пі­тір са­да­қа­сын бір­не­ше адам­ға бө­ліп бе­ру­ге бол­майды. Бір­не­ше адам­ның пі­тір са­да­қа­сын бі­рік­ті­ріп, тек қа­на бір мұқ­таж адам­ға бе­ру­ге бо­ла­ды.

Пі­тір са­да­қа қа­лай өте­ле­ді?

Пі­тір са­да­қа­ла­ры ең ал­ды­мен жер­гі­лік­ті жер­дің мұқ­таж ке­дейле­рі­не бе­рі­луі тиіс. Жер­гі­лік­ті жер­дің мұқ­таж кедейле­рі бо­ла тұ­ра, бас­қа жер­дің ке­дейле­рі­не бе­ру  мәкрүһ.

Пі­тір са­да­қа­ның мөл­ше­рі

Пі­тір са­да­қа­сы мы­на төрт нәр­се­нің кез-кел­ген біреуі­нің өзі­нен не­ме­се құ­ны­нан бе­рі­ле­ді. Ке­дей­лер­дің кез-кел­ген қа­же­ті­не ың­ғайлы бол­ған­дық­тан құ­нын бе­ру  аб­зал.

1. Би­дай не­ме­се би­дай ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 1 кг 459 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

2. Ар­па не­ме­се ар­па ұны­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

3. Құр­ға­тыл­ған жү­зім­нің уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

4. Құр­ға­тыл­ған құр­ма­ның уә­жіп бол­ған мөл­ше­рі: 2кг 918 грамм не­ме­се осы мөл­шер­дің құ­ны.

Биылғы жылы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді.
 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.