ИМАНАШАР

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Санат: ИМАНАШАР
Уақыты: 24.05.2019
Оқылды: 832 Печать страницы
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАЙЫРЛЫ ІС

Жақсылық! Алланың құдіреті шығар, осы бір сөзді құлағымыз шалса болды, жанымыз жадырап сала береді. Біреуге жақсылық тілеу, қолдан келсе  жақсылық жасау, Алла Тағаладан жақсылық сұрау адам өмірін мәнді де мазмұнды ететін қайырлы әрекет екені бесенеден белгілі. Сондай-ақ, жақсылық ұлт пен ұлысты, дін мен ділді талғап-таңдамайтыны тағы бар.

Бұл ай – Рамазан айы. Сауаптар молынан жазылатын, күнәлар кешірілетін, нәпсінің нөкерлеріне тұсау салынатын, жақсылық жасауға асығатын ай. Осыған орай, ауданымыздың бірқатар азаматтары қайырымдылық жасап, мейлінше жақсылықтың жаршысымен бөлісуде.
Дана халқымыз «Жақсылық жаса да суға ат, балық көрмесе халық көреді, халық көрмесе де Жаратушы көреді» дейді. Қайырымдылық жасау – адамгершіліктің биік қасиеттерінің бірі саналады. Қамшының сабындай қысқа өмірде қолдан  келгенше аялы алақан мен жан жылуын қажет ететін жандарға қол ұшын бергенге не жетсін. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері әрдайым риясыз жақсылық жасаушылар қатарынан табылып келеді.
Қасиетті айдың келуімен, жүректерге жылу ұялатқан аудандық мәдениет үйінің директоры Ермек Қыстаубаев бастаған топ Текелі қаласындағы қарттар үйіне барып    қайырымдылық концерт ұйымдастырды. Ал, қарттар болса  өнерпаздардың өнерін тамашалап,  дəн риза болды.  
Алла Тағала Құранда былай дейді: «Кімде кім шаңның тозаңындай жақсылық істесе, соның сыйын алады. Кім шаңның тозаңындай жамандық істесе, соның зардабын тартады» («Зілзәлә» сүресі, 7,8-аяттар). Енді қарап отырсақ, мынау біз өмір сүріп жатқан жер мекені уақытша ғана. Дәлірек айтқанда, жұмырбасты пенденің сынақтан өтетін орны. Ендеше, сынақтан сүрінбеу өтуіміз үшін, жақсылық жасап жарысайық...

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.