
Адаммен қалай танысқаның маңызды емес, қалай араласқаның маңызды.
Адамның қандай қызмет еткені маңызды емес, оның адамдық ізеті маңызды.
Доспыз деп жар салғаны маңызды емес, нағыз достығы маңызды.
Оның қымбат көлігі маңызды емес, қымбат та адал көңілі маңызды.
Қай жерде туғаны маңызды емес, ең бастысы сені ұмытпағаны маңызды.
Алыста жүргені маңызды емес, қай жерде жүрсе де қадіріңді білгені маңызды.