ИМАНАШАР

Алла Тағала кімді сынайды?

Санат: ИМАНАШАР
Уақыты: 14.06.2019
Оқылды: 414 Печать страницы
Алла Тағала кімді сынайды?

Алла Тағала барлық пендесін түрлі жағдайларда сынайды. Отбасына қатысты, қызметімен байланысты немесе кенеттен келген олжамен, саудадан түскен пайдамен де сынауы әбден мүмкін. Алланың сынағынан аман қалған пенде жоқ. Барлық адам әйтеуір бір сынаққа ұшырап отырады. Алла тағала Құранда: «Әрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық пен малдан, жаннан сондай-ақ, өнімнен кеміту арқылы сынаймыз (Мұхаммед (с.ғ.с.) сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға бір қайғы жетсе олар: «Шын мәнінде біз Алланыкіміз және Оған қайтушымыз» – дейді. Міне соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мархамет бар әрі олар тура жолдағылар» (Бақара: 155-156). Егер адам осындай сынақтан өтсе, онда оған Алланың жарылқауы бұйырады. Өйткені ол басына түскен сынақ машақатын ерлікпен жеңе білді. Алдынан шыққан қиындықтарды Алладан келген уақытша сынақ деп түсініп, қарсы күресті. Сондай-ақ, Алла Тағала пендесін молшылықпен сынағаны сияқты, таршылық пен де сынайтынын естен шығармаған жөн. Өмірде жиі кездесетін жайттардың бірін мына хадистен көруге болады: Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Алла кімге жақсылық қаласа, соған қиындық жібереді», – деп айтқандығы туралы риуаят келтіреді. (Мәлик және Бұхари) Хаким бұл жайында былай деген екен: «Сынақ – білгірлер үшін шам-шырақ, ықыласты пенделер үшін – сергектік, ал ақымақ үшін – пәлекет». Ертеде бір ғалымнан: – Уа, тақсыр! Адамдардың қайсысы асқан жомарт? – деп сұрапты. Ғалым: – Дүниесі аз болса да қайырымдылық жасаған, қайыршыға жәрдем беріп, оны масқара болудан сақтаған, – деп жауап беріпті. Адам баласы қандай уақытта болмасын жанындағы кісіге көмек көрсетуге дайын болуы тиіс. Өйткені жоғарыда айтқанымыз сияқты Алла Тағала пендесін кез-келген сәтте, кез келген жағдайда сынамақ. «Жаратушы маған көп сынақ жібереді, мені жақсы көрмейді» деген ойға салыну қателік. Себебі Алла Тағала сынақты Өзінің жақсы көрген пенделеріне көп жібереді. Мысалы, пайғамбарларға қатты әрі көп сынақ жіберген. Салих, Нұх, Иса, Мұса, Мұхаммед (с.ғ.с.) және т.б. пайғамбарлады ғұмыр бойына сынап отырғанын пайғамбарлар тарихы мен Құраннан жақсы білеміз.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.