ИМАНАШАР

Жақсы қасиеттер көп, бірақ ашуды жұту бөлек

Санат: ИМАНАШАР
Уақыты: 18.06.2019
Оқылды: 458 Печать страницы
Жақсы қасиеттер көп, бірақ ашуды жұту бөлек

Ибн Аббас деген танымал тәпсірші: «Алланың құзырында жұтылған ашудан артық сүйкімді нәрсе жоқ. Кімде кім ашуын жеңіп, оны жұтып қойса, Алла оның кеудесін иманға толтырады…», – дейді. Көрдіңіз бе, Алла назарында ішілген су емес, желінген ас емес, жұтылған ашу сүйкімді.

Неге аятта да, хадистерде де «жұтылған» деген сөзді қолданады. Осы жағына бүгінгі жаңа ғылым мамандары көңіл бөлулері керек. Ашудың келуі таза рухани дүние ме, әлде ол физиологиялық процеске жата ма, оның адам бойында айналып жатқан қанына қандай қатысы бар, ашуланғандағы қуаттың түпкі өзегі қай жерде, ағзадан бөлінетін сөлдердің ашуға қандай қатысы бар деген секілді көптеген сұрақтар өз шешімін табуға тиіс.

Енді мәселенің тағы бір қырына келейік. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Нағыз күштілік тастарды көтеретіндей балуандықта емес, өз ашуын жеңе білуде» деген хадисі көпшілікке белгілі. Нағыз күш немен өлшенетінін осыдан-ақ байқаймыз. Алайда ашуды жұтудың Қияметтегі бір сырына таң қалмау мүмкін емес.

Тағы бір хадисте былай делінеді: «Қиямет күнінде Алла Тағала «Кімнің Алладан алатын сауабы болса, солар тұрсын» дейді. Сонда дүниеде ашуын жұтқандар мен өзгені кешірген адамдар орнынан тұрады». Қашама адам бар, қаншама жақсы қасиеттер бар. Соның ішінде ашуды жұтқандардың ерекше аталып тұрғаны, шынында да, керемет.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.