
*Менің көзім енді ашыла бастағандай. Басқаларды, қоршаған ортамды ұға бастадым. Неге екенін, кейде маған бүкіл адамзаттың баласы дос болып көрінеді,ал кейде туған шешем де қас сияқтанып кететін сəттер бар. Ол,сірə, менің адамдарға соншалық шектен тыс жаным ашып, есесіне олардан да өзіме сондай жанашырлық күткендіктен болар...
Мұқағали Мақатаевтың күнделігінен
*Қалайша бәрі бақытты және тепе-теңдікте болмақ, егер бәрі бір-бірінен асып түсуді қаласа.
Максим Горький
*Өмірімізде жолығатын адамның бәрі біздің айнамыз. Олар бізге қателіктерімізді түзесін деп жіберілген. Қателігіміз түзелген соң сол адамдар не өзгереді, не кетіп тынады.
Борис Пастернак
* Адам сөзімен де ісімен де сана-сезімінің, ақыл-парасатының, ой-өрісінің, түсінігінің қандай дəрежеде екенін көрсетеді. Өресінің жеткен жері сол болса қайтесіз. Түңіліп күрсінудің қажеті жоқ. Құдай Тағаланың өзі адастырған пендесін тура жолға сала алмаймыз. Құдай сана берсін деп дұға ете аламыз тек.
* Болатын дүние түбі болады деп күнелтетін кісілер де болады екен. Əрекетке берекет деген бар.
* Адамзат баласы ата анасы мен туған жерін таңдай алмайды. Қалған жағдайлардың бəрінде таңдау мүмкіндігі қарастырылған.
* Сіз қиналып қалды екен, сізге қолайсыз екен деп күн батыстан шықпайды! Қиындықтар əр кез бар. Бола береді де. Оған шағым айтып керегі жоқ. Өмір сол қиындықтармен мағыналы, мəнді. Сіздің қиындықтарыңыз ешкімге қызық емес. Əркімнің өз қиындығы бар.