ИМАНАШАР

Темір қалай алтынға айналды?

Санат: ИМАНАШАР
Уақыты: 13.08.2019
Оқылды: 376 Печать страницы
Темір қалай алтынға айналды?

Бірде бір патша ел арасында темірді алтынға айналдырудың құпиясын біледі деп танылған ғұламаға келеді де:
* Маған бұл сырды аш. Өміріңнің соңына дейін ешбір таршылық көрмейтін боласың, - дейді.
Қарт ғұлама:
* Оны білуің үшін сен өзіңнің билігіңмен қош айтыса аласың ба? - деп сұрайды.
* Сен не деп тұрсың? Мына маған, патшаға тақтан айырыл дейсің бе? - деп патша қатты ашуланады. – Осы сөзің үшін сені жазалауды бұйырамын.
* Жоқ, олай істей алмайсың. Менің денем тән ауруынан қорықпайды. Ал жанымды...жанымды ауырта алмайсың. Оның қожайыны – Алла. Тәнімнің ауырғаны мен үшін түк те емес.
Қарттың бұл сөздерін естіген патша:
* Сен ақылды адамсың. Дұрыс айтасың. Осындай даналығың үшін саған сый жасаймын, - деп жұмсарып сала береді.
Данышпан жымиып:
* Рахмет саған. Міне, темірдің алтынға қалай айналатынын да біліп алдың. Сенің ашуың – жай ғана тот басқан темір. Бірақ сен оны мейірімділік пен жұмсақтық танытып алтынға айналдырдың, - дейді.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.