
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Еліміз жаңа кезеңге аяқ басты. Жыл сайынғы жолдауының үшінші жаңғыру басталғанынын жариялады. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі –саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу екенін атап айтқан. Жағымды жаңалық жүрегімізге жылы ұялап, жанымызды жадыратты. Елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Жыл сайын аталып өтілетін бұл мерекенің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі орасан зор.
Екі шектің бірін қатты, бірін сәл- пәл кем бұра.
Нағыз қазақ –қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана:
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын
Деп бір ханда шанағына құйған оның қорғасын.
Жалған сөйлеп көрген емес дәл сол кездің өзінде:
Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде,
- деп Қадір Мырза Әлі жырлағандай қазақ халқының әрбір шығармаларында өзіндік тарихы бар. Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Ол әртүрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы, және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш ішекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінің әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасайды. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған. Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасайды. Алғашқы кезде перне саны 5-7 дейін болса, кейін, 9-19 ға дейін жеткен. Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз- әңгімелерге жүгінуге болады. «Ертеде бір хан кедей жігітпен қызының көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Аяғы аурлаған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады. Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау,шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек- бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен» дейді аңыз – әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков. Дина Нүрпейісова қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1861 жылы Батыс қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмы деген елді мекенде дүниеге келген. Дина ата- ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде –ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әліке, Түркеш, Ұзақ, Есжан Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нақышына келтіре тартып, өңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп батасын берген. Біздің заманымызға қазақ халқының ән- күйлері, жыр дастандары осы киелі домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп үйінің төріне іліп қояды.
Венера Қонысбаева,
Алғабас ауылдық кітапханасының
кітапханашысы.