
Әр ұлттың өзіне сай ата дәстүрі, әдет-ғұрыпы және ырымдары бар. Ол сол ұяттың жан дүниесін көрсетіп тұрады. Қазақ халқының да өзіне сай ерекшеліктерінің бейнесі секілді салт-дәстүрі бар. Олардың мән-мағынасы, берер тәрбиесі мол. Қазіргі таңда осы дәстүрдің бірін білсек, бірін білмейміз.
Қазақ халқында бұрыннан келе жатқан дәстүр бар. Бұл дәстүрдің атауы «Ат тергеу». Үйленуге дайындалған жігіт, өзінің болашақ жарын таңдап болғаннан кейін, оны өзінің туыстарымен таныстыру үшін, сол әулеттің шаңырағына алып келеді. Келін шаңыраққа түскен кезде, сол әулеттегі адамдарға сәлем беру үшін, олардың аттарын тікелей атамай астарлы теңеулермен айту керек. Бұл дәстүр келіннің қайын жұртына білдіретін сыйластығы.Бұрында келіннің шешендігін, сөз тапқырлығын,әзілқойлығын анықтау үшін, қазақтар осы дәстүрді ойлап тапқан. Қайын аға, қайын әпке-сіңілерінің, қайын інілерінің келбетімен, түр тұлғасына, қызмет бабына қарай: «мырза жігіт», «үлкен ата», «кенже бала», «би аға», «бай ата», «төре жігіт», «мырзатай», «ерке қыз», «кекілдім», «арайлым», «шашбаулым», «сырғалым» және т.б атаулармен түскен келін астарлап атайды. Осылайша қазақтар келіннің тапқырлығын, мәдениетін байқаған. Сырттан келген келін алдымен үйдің балаларын қуантады,оларға сыйлық береді. Әсіресе қыз балаларға алқа, сырға секілді әшекейлерді тағады. Сыйлығын алған қыздар салтымыз бойынша үлкендерден байғазы сұраған. Байғазы дегеніміз үлкендердің балаларға беретін сыйлығы. Байғазыны көбінесе балалар, бойжеткен қыздар сыйлық алғанда, өздеріннің ағаларынан, әпкелерінен сұрайды. Үлкен кісілер көбінесе байғазыны ақша немесе киім түрінде береді.
Жалпы айтқанда ат тергеу салты, адамдарды құрметтеуге, сыйлауға үйрететін дәстүр болып табылады. Қазақ келінді үлкенді сыйлап, кішісін еркелетуге үйреткен.Қазір өкінішке орай бұл дәстүр ұмытылып бара жатыр. Технология мен ақпараттың дамығаннын себебінен ат тергеу дәстүрі ғана емес, басқа дәстүрлерде ұмытылып бара жатыр. Біз батыс елдеріне еліктейміз деп, өзіміздің түбімізді ұмытып бара жатырмыз. Бір жағынан батысқа технология жағынан еліктеуміз дұрыс болатын шығар, бірақ олардың мерекелерін, дәстүрлерін тойлап, өзіміздің дәстүрлерімізді ұмытып қалмайық.