
Көшпенді халықтар негізінен қонақжай болып келеді. Қазақтардың тарихи деректеріне жүгінсек Ғұн, Түркі, дәуірлерінен бері қарай қонақжай халықтар көп болған. Бұл дәстүр қазақтарда жалғасып қалған. Қазақ халқы да қонақжай болып есептеледі. Қонақ келсе ішкен асын жерге қойып, қонағын күтуге кірісіп кететін халық. Біздің халық қонақты өте қатты қастерлейді. Қонақжайлық конақтың келетін жайлы хабардан басталады. Бұны білген үй иесі қонақты қарсы алады. Қонақты қарсы алудың түрі өте көп. Бұрынғы кезде төрелерді, патшаларды, үй иелері өз үйлерінен алыс болған жерде қарсы алатын. Оларды үлкен дайындықпен, ас-сумен, арнайы жақсы тағаммен қарсы алатын. Ал жеке қонақтарды есік алдында үй сыртында қарсы алатын болған. Сондай ақ тағы қонақты қарсы алудың, қонақ шақырудың бір ерекше дәстүрі бар. Бұл дәстүрдің аты - Ерулік. Бір ауылды жерге, басқа жақтан көшіп келген отбасы болса, оларды бірден көршілері міндетті түрде қонаққа шақырады. Көршілер бір жағынан қонақжайлығын көрсеткісі келсе, екіншіден бір біріне жақын болу, жаңадан келген отбасымен жақсы араласу үшін, олар ыңғайсыздық сезбеу үшін, аралас болайық деген оймен шақырады. Себебі жаңадан келген адамдар, бірінші уақытта ешкімді танымай, өздерін бөтен адамдар ретінде көреді. Себебі кез келген көшіп келетін адамдарың, ешкімді танымайды. Ал көршілері болса, ерулік жасап, оларды жақын екенін білдірткісі келеді. Қонаққа шақырғанда,оларды жайғастырады. Кейін үстінгі киімдерін шешіп, іліп, астарына көпшік қойып, шынтақтарының астына жастық қояды. Содан соң қолдарына су құйып, сулық ұсынады. Дастархан жайылып шай құйылады. Тамақ беріледі. Сойылған малға бата істеледі. Қосымша сусындар құйылады. Кейін оларға тамақ беріп, шай ішкізіп, әңгімелесіп, танысады. Әдетте қонаққа үлкен кісілерді ғана емес, олардың балаларын да шақырады. Жаңадан келген отбасының балалары да, өздерінің құрдастарымен танысып, өздерін еркін сезіне бастайды. Жиынның сонында бас қонақтың үстіне шапан жабады. Бас қонақтың әйеліне жастық, көрпе және басқа да үй шаруашылығына керек дүниелерді сыйлайды. Содан соң оларға шашу шашып, шығарып салады. Кейін жаңадан келген адамдарды, басқа да көршілері қонаққа шақырады. Осылайша олар бүкіл ауылдың адамдарымен танысып, ауылдың тұрақты тұрғындарына айналып кетеді.
Қазіргі таңда осы дәстүр ұмытылып барады. Осы дәстүрді тек қана ауылды жерлерде жасайды. Үлкен қалаларда бұл дәстүр өкінішке орай ұмыт болуда. Себебі қалалы жерлерде көршілер бірнеше жыл бірге тұрса да, бір бірлерімен араласпауы да мүмкін. Бірақ көршілермен араласқан дұрыс болады деп ойлаймыз. Себебі жақсы аралассаңыз, кейін бір бірлеріңізге көмектесіп, болашақта тіреу боласыздар. Мысалы сіз қонақ күтсеңіз, ол сізге көмектеседі, ал сіз қонақ күтсеңіз ол сізге көмектеседі. Екіншіден қазақта «алыстағы ағайыннан жақындағы көршін жақын» деген жақсы сөз бар. Сол себепті асыл дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды ұрпақтан-ұрпаққа беріп отырғанымыз абзал болар еді.