ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Ақсарбас атау ғұрпы туралы не білеміз?

Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ
Уақыты: 22.04.2019
Оқылды: 774 Печать страницы
Ақсарбас атау ғұрпы туралы не білеміз?

Ақсарбас - дәстүрлі дініміздегі қуанышта, қайғыда, ауырғанда, сапарға аттанғанда мал атап, құрбандық шалатын салты.

Қауіп-қатерге ұшырағанында «А, Құдайым оңдасын! Мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл аймағын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызылқасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.