
Қазақ халқында бұрынға заманнан қазіргі уақытқа дейін сақталған дәстүрлер өте көп. Сақталған дәстүрлердің ішіне «үйлену той», «беташар», «қыз ұзату» «той», «шілдехана», «көкпар», «тұсаукесер», «сүндет той» және де т.б дәстүрлер кіреді. Және біздің халықта сақталған, бірақ ұмытылып бара жатқан дәстүрлер бар. Ол дәстүрглерге «құрсақ той» және «ат тергеу» дәстүрлерін қосса болады. Өкінішке орай мүлдем сақталмай қалған дәстүрлер де бар. Сақталмай қалған дәстүрлердің ішіне «кемпір өлді» деген дәстүр кіреді.
Үйленердің алдында жігіт бір қызды алу үшін, біраз кәделерді орындау керек. Кәде деген міндетті түрді орын алатын ғұрыптық және дәстүрлік жиынтықтар атауы. Үйлену кәделеріне «ат байлар», «төсек салар», «сүт ақы», «балдыз көрімдік», «отау жабар», «қол ұстар» және т.б кәделер кіреді.
Осы кәделер орындалып болғаннан кейін, жігіт «кемпір өлді» деген кәдені орындау керек.Жігіт қыздың ауылына келген кезде, сол ауылдағы кез келген кемпір жерге құлап, қолын екі жаққа жіберіп, өліп қалған сияқты болып жататын. Қасында тұрған адамдар «кемпір өлді», «кемпір өлді» деп айқайлайтын. Өліп қалған кемпірді тірілту үшін, жігіт қолына ақша немесе басқа сыйлық салу керек болатын. Сыйлық бергеннен кейін өліп жатқан кемпір, тіріліп кететін. Бірақ қолына сыйлық салмас бұрын, оның шын өлгенін немесе өтірік өлгенін білу үшін, жігіт кемпірдің халін тексеретін. Оны аяққа тұрғызып, жүрегін ұстап, қыттықтап көретін.Егерде кемпір жатқан кемпір шынымен өліп қалған болса, онда қызықты той бүкіл ауыл үшін, қайғыға айналып кететін. Бір жағынан кемпір өлді тойда қайғы болмасын деген ниетпен, жасалатын ырым болып табылады.
Қазір осы дәстүр мүлдем ұмытылып қалған. Себебі кейбіреу адамдар «өліммен ойнамау керек», деген пікірде. Егерде тойда бір кемпір құлап қалып, одан кейін оның істегені өтірік болса, барлық адамдар оған бір түрлі көзқараспен қарайтын болады. Осы кәдені жасау үшін, алдын ала барлық адамдармен келісіп, ақылдасып алу керек. Әйтпесе осы кәдені білмейтін жастар, құлаған кемпірді көріп, бірден жедел жәрдемді шақырулары мүмкін.