ӘЛЕУМЕТ

"Nur Otan" партиясының жұмысы жандануда

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 11.11.2019
Оқылды: 364 Печать страницы

Көксу аудандық "Nur Otan" партиясының филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия төрағасы Орынхан Нұртаевтың төрағалық етуімен өткен жиынға комиссия мүшелері, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов және "Nur Otan" партиясының Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов қатысты.

Аталмыш жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды. Ең алдымен  аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Қажым Әдетбековтың баяндамасы тыңдалды. Аудан орталығындағы салынып жатқан 20 және 50 пәтерлік тұрғын үйге қатысты партиялық бақылау комиссия мүшелерінің жүргізген рейді бойынша атқарылған жұмыстары сараланып,мердігер компанияның басшысына сын-ескертпелер мен толықтырулар айтылды.  

Келесі кезекте аудандық мәслихат депутаты Бақытхан Оразбаеваның аудандық бюджет қаражатын жұмсалғаны жөніндегі есебі талқыланды. Бақытхан Жұмақанқызы өз сөзінде: "Мәслихат қызметінің негізгі нысаны оның сессиялары мен тұрақты комиссиялары болып табылатындықтан, олардың отырыстарының жан-жақты дайындалуына басты көңіл бөлінеді. Депутаттар мен аппарат қызметкерлері бірлікте мәслихаттың күнделікті ұйымдастыру жұмыстарын, қоғамдық құрылымдар және тұрақты комиссиялар арқылы заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырып келеді" -деп партия жұмысының маңыздылығын айтып өтті.

Артынша, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 9 айлық жұмысы қарастырылды.

 - Көксу ауданы бойынша 2019 жылдың 01 қазан айына 1025 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оларды экономикалық сала түрлеріне бөлгенде, ауылшаруашылықта - 115, көтерме және бөлшек сауда- 58, құрылыс-312, уақытша және маусымдық орындар - 424, басқа салалар бойынша 116 жұмыс орындары құрылған.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" туралы Заңына сәйкес, жаңа форматтағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 1465 отбасына немесе 6706 адамға 542331,8 мың теңге төленді. 178 отбасыға (642 адам) шартсыз ақшалай көмек, ал 1287 отбасыға (4803 адамға)шартты ақшалай көмек ретінде көрсетіліп отыр.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жұмыссыз азаматтарды "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай Кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" бағыттарына тарту.

Шартты ақшалай көмек алушылардың ішінде бағдарламаға 235 адам тартылды:

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жоспар 17 адам, нақты 39 адам;

- қоғамдық жұмысқа 10 адам;

- жастар тәжірибесіне жоспар 2 адам, нақты 3 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындарына 2 адам жіберілді.

Тұрақты жұмысқа орналасуға жоспар 70 адам, нақты 181 адам орналастырылды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты жеке ісін ашуға 1 отбасыға, 500,0 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Көксу ауданында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарлама шеңберінде аз қамтылған отбасыларға үй/пәтерлер сатып алу үшін Республикалық бюджеттен құрылыс бөлімі арқылы 123750,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Қазақстан Республикасының "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңын іске асыру мақсатында ауданда әртүрлі іс-шаралар жүзеге асырылды. Жыл басынан мүмкіндігі шектеулі адамдар арасынан 66 адам міндетті гигиеналық құралдармен және көмекші (орын толтырушы) құралдармен, 4 адам протездік ортопедиялық құралдармен, 12 адам қол арбамен, 5 адам тифло құралдармен, 8 адам сурдо құралдармен,14 адам таяқ, 2 адам шынтақ таяқ, 43 адам санаторлы – курорттық жолдамамен қамтамасыз етілді.

Көксу ауданының "Салауат" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің "Нұрлы көмек" ЖШС-і арқылы 42 мүгедек адамға жеке оңалту бағдарламасы бойынша 42 жеке көмекшінің қызметтері 1780,0 мың теңгеге көрсетілуде.

"Саңыраулардың қазақ қоғамы" қоғамдық бірлестігінің "Болашақ" корпоративтік қорының 2 ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтері 13 мүгедек адамға көрсетіліп, 1089,0 мың теңге төленді.

"Инвакөмек" мүгедектер қоғамы аудандағы 38 мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі тасымалдау жұмыстарын жүргізіп, 3192,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде 1 - меңгеруші, 1-кеңесші айқындау және бағалау маманы, 12 әлеуметтік қызметкер жұмыс атқарады. Мүмкіндігі шектеулі 35 балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі, оның ішінде 20 бала 18 жасқа дейін, 18 жастан асқан 17 бала, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Төртінші мәселе бойынша, Жарлыөзек ауылдық округінің әкімі, "Бақыт" бастауыш партия ұйымының төрағасы Самат Ихсанов 9 айда атқарған жұмысын баяндай келе: " Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстаның тұрақтылығымен мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауын – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат болып табылады. Жолдауда баяндалған 5 негізгі басымдық Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 30 елдің қатарына енуіне мүмкіндік беретін векторлардың бірі деп есептеуге болады. Көтерілген әлеуметтік жобалар әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын әрі қарай жақсарта түсуге бағытталған. Президент баспана, салық, білім және газ, ауыл шаруашылығы жағынан жан-жақты қолдау халықпен ашық диолог жүргізуді ұсынды. Мемлекет басшысының Жолдауын округ тұрғындар арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстары бойынша 3 жиын өтті", - деп мемлекет басшысының Жолдауын ауыл болып қолдайтындарын жеткізді.

 - Елбасының  "Егемен Қазақстан" газетінде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада айтылған бөлімдері мен алдағы міндеттерді ауыл тұрғындары арасында насихаттау және түсіндіру жұмыстарымен дөңгелек үстелдер өткізілуде. "Ұлы даланың жеті қыры" мақала аясында ауыл жастары мен тұрғындар арасында атқа міну мәдениетін қалыптастыру мақсатында бір күндік атқа отырылғызылды.  Мақала аясында округ тұрғындар арасында ұмыт қалған дәстүрімізді насихаттау мақсатында "Шөміш қағу", "Абысын асы", "Күйеуаяқ" дәстүрлері жандырылып тұрғындарға көрсетілді,- деп округ тұрғындарының ұлттық құндылықтарымызды жандандырып жатқандығын баса айтты. Одан бөлек округ әкімі  "Nur Otan" партиясының жобалары айсында атқарылған жұмыстарды да назардан тыс қалдырмады.

Дәл осындай баяндамамен "Достық" бастауыш партия ұйымының төрағасы Бауыржан Егінбаев мінберге шықты:

 - Бүгінгі таңда еліміздегі барша игілікті бастамалардың бастауында тұрған, үлкен беделге ие болған, "Nur Otan"  партиясы жалпы халықтық көшбасшысы іргелі саяси ұйымға айналды.    

Аталмыш партияның 7  жобасына сәйкес жылдық жоспар бекітілді. 1-10 қазан айының аралығында Халықаралық қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғау күніне орай,  "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында "Атаның сөзі-ақылдың көзі" атты меркелік іс-шара өткізілді. Демеушілердің көмегімен қарттар күніне арнайы мерекелік шаралар өткізіліп, "Айым" кафесінде 80 адамға дастархан жайылды.

 "Бақытты балалық шақ" жобасы көптеген жанұяға қуаныш сыйлауда. Осындай мейірімділікке толы іс - шаралардың бірі Мұқыры ауылында да өтті. Әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасы, 8 баланың анасы Роза Құрметбектің  үйіне барып, сыйлықтар табысталды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласындағы "Атқа міну" мәдениетін қазақ халқының тарихы және даламыздағы ұлттық құндылықтарымыз бен қасиетті жәдігерлерімізді насихаттау бойынша жастарға жылқы малы,оның шығу тарихы, жылқының пайдасы және оның ат-әбзелдері туралы жан-жақты түсінік берілді. Ғибратты ғұмырын ат үстінде өткізген бабалар жолын бүгінгі жастар жалғастырып, аудан әкімшілігінің қолдауымен, аудандық "Жастар ресурстық орталығының" ұйымдастыруымен Мұқыры тауында қазақтың ұлттық ойындары "Көкпар", "Нысана көздеу" "Тиын алу" ойындары өтті.

"Жастар" жылына орай "Жарқын елдің жастары" атты жастармен  ұйымдастырылған  би кешi мен  шағын футболдан ауыл жастары арасында "Мұқыры ауылы әкімінің  кубогі" турнирі  өтті, - деп баяндама жасады.

Жұмыс қорытындысы бойынша, барлық аталған мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

 

Диляра ЮСУПОВА.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.