ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда "5-20-25" бағдарламасы іске қосылады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.11.2019
Оқылды: 300 Печать страницы
Қазақстанда

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов елімізде «5-20-25» бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, аталған тұрғын үй бағдарламасындағы басты шарт қазақстандықтардың табысының мөлшері болмақ.

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын жүзеге асыру» тапсырмасының аясында баспанаға қолжетімлідік баспалдағы енгізіледі. Мұнда халықтың табысы айқындаушы фактор болмақ. Кезекте тұрған жетім балалар, 1 және 2-топ мүгедектері, зейнеткерлер мен тағы басқаларының отбасында жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне, яғни 29,7 мың теңгеге жетпесе, сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспана беріледі», - деді Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында. 

Министрдің сөзінше, табысы екі ең төменгі күнкөріс деңгейіне (59-4 мың теңге) жетпейтін көпбалалы, толық емес және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыларға «Бақытты отбасы» бағдарламасы қолжетімді бола бермек. 

Өз сөзінде Атамбаев табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 мөлшеріне (92 мың теңге) жетпейтін әскери қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер «5-20-25» бағдарламасына қатыса алатынын айтты. 

«Ал табысы 92 мың теңгеден жоғары тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы қолжетімді. Табысы 5 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (148,5 мың теңге) жоғары тұрғындардың бірінші және екінші қолданыстағы баспанаға қол жеткізу үшін, «Баспана-хит», «Орда», «Өз үйім» бағдарламаларына қатысуына болады», - дейді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

«5-20-25» тек қана әскерилер, мемлекеттік және бюджеттік ұйымның қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы. Сондықтан аталмыш санатқа жататын азаматтар баспана кезегін күтпей, «үйлі боламын» деген арманын жүзеге асыра алады. Жаңа бағдарламаның үміткерлері ең алдымен әкімдікте баспана кезегіне тұруы қажет. Екіншіден, отбасының тұрақты табысы 92 мың теңгеге жетуі тиіс.«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» шот ашып, 20 пайыздық жарна төлеуі де міндетті. Баспана бес пайыздық жылдық мөлшерлемемен 25 жылға ипотекаға беріледі. Сондай-ақ, қатысушының иелігінде соңғы бес жылда үйі болмауы шарт.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.