ӘЛЕУМЕТ

Үкемттік емес ұйымдарды қолдау күшейген «Jetisu Media» алаңында Алматы облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту жұмысының 2019 жылды қорытындылау тақырыбында бас

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 06.12.2019
Оқылды: 313 Печать страницы

Жобаның мақсаты - Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы шешім қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-дың қатысуының және қоғамдағы тұрақтылықтың артқанын көрсету. Азаматтық орталықтың Алматы облысының ҮЕҰ-на және жеке кәсіпкерлерге «бір терезе» ұстанымы бойынша ақпараттық, консультациялық кеңес беріп, ұйымдық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені үшін тегін қызметтер ұсыну.

Аталған бағытта жұмыс жасаудың нәтижесінде, Алматы облысындағы ҮЕҰ тиімділігі мен азаматтық сектордың тұрақтылығы артқан.

Орталық –үкіметтік емес ұйымдарды құқықтық, техникалық және ақпараттық қолдау үшін құрылған. Алматы облысының үкіметтік емес секторында 900-ден астам ұйым табысты жұмыс жасайды.

Орталықтың белсенді жұмысына байланысты ҮЕҰ-дар жаңа, кәсіби жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік алды.

«Бір терезе» қағидатының негігі міндеттеріне :

- Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары үшін Азаматтық орталықтың қызметін ұйымдастыру, ҮЕҰ дамыту және олардың әлеуетін арттыру бойынша кәсіби тәжірибелік көмек көрсету.

- ҮЕҰ үшін ұйымдастыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша консультативтік, әдістемелік, білім беру және басқа да қызметтер ұсыну.

- Ақпараттық өнімдерді оқыту және тарату арқылы аймақтық ҮЕҰ әлеуетін күшейту.

- Жоба туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу жатады.

«Жоба аясында ұйымдастырылған сектораралық өзара әрекеттесу жаңа жобалық идеялар мен бағыттарды тудыруға көмектеседі. Идеялар мен мүмкіндіктерді еркін алмасуға, дамытуға ақпараттық алаң құрылады»,-«Алматы облысының Азаматтық Альянсының» PR-менеджері Назерке Қуанышқызы.

Бұл бастаманың шеңберінде түрлі сала мамандарымен семинар сабақтар өткізіліп, әлеуметтік желіде дұрыс әрі тиімді жұмыс жасауды, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын оңтайландыруды үйретуде.

Осылайша, қоғам мен әлеуметпен әрекеттесе отырып, үкіметтік емес ұйымдардың бедерін, бағытын айқындалмақ.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.