
Көзді ашып-жұмғанша биылғы жылда соңына жетіп келеді. Ал, өтіп баражатқан жыл несімене есте қалды қандай істер атқарылды? Аудан әкімдеріне қойылатын сұрақтардың бір парасы осыған саяды. Аталған сауалдарға Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев «Jetisy media» алаңында жауап берді.
«2020 жылға міндеттелген жоспарларын да мерзімінде орындау үшін барлық мүмкіндіктер бар. Басты міндетіміз – аудан халқының әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайын жақсартуға, экономикасын көтеруге бағытталған іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға және мерзімінде жүзеге асыруға іс-жоспар жасалған.
Жылдың аяғына дейін жалпы ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі – 55,5 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда – 103,6 % орындалады»,- деп бастады сөзінің әлқисасын Қарсай ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы
Әкім мырзаның айтуынша, өсімдік өнімдерінің көлемі – 25,7 млрд.теңгені, мал өнімдері – 27,2 млрд. теңгені құрайды. Ал, «АгроИмпэксАлатау» ЖШС-і өнеркәсіптік жылыжайына 1 млрд. 749 млн. теңге инвестиция салып, құрылыс жұмыстарын жүргізген.
Ағымдағы жылы Елтай ауылдық округінде қуаттылығы жылына 1200 тонна өнім шығаратын 81 жұмыс орнына арналған, инвестиция көлемі 760 млн. теңгені құрайтын «Қалқан - 7» металл өңдеу зауыты іске қосылды.
Қарасай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікте қарқынды даму үстінде. Оған дәлел кішігірім кәсіппен айналысатын 14 476 субъект тіркелген. Шағын және орта бизнестен түскен бюджеттік төлемдер 13 млрд. 285 млн. теңге. Ол жергілікті бюджеттің 70,0 % - н құрап отыр. Демек, бизнеске келгенде бірталай табыстың қазынаға құйылып отырғаны халық үшін игілікті іс болып отырған дайы бар.
Ел аймақтарында кездесетін мәселелердің бірі үш ауысымды мектеп жағдайы бұл ауданда да бар. Биылғы оқу жылында Қарасай ауданында 11 үш ауысымды мектептер жұмыс істеуде. Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында 3 мектептің жапсаржай құрылысы аяқталып қолданысқа берілді.
Биылғы жылы 7-20-25 бағдарламасы бойынша 109 пәтер өз иелерін тапса, оның ішінде 57 үміткерлерге 54,0 млн. теңгені құрайтын әлеуметтік көмек көрсетілген екен. «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша көп балалы, толық емес отбасы және мүгедек балалары бар отбасыларына Тұрғын үй құрылыс жинақ банкісіне 243 жолдама беріліп, 93 үміткер тұрғын үйге ие болып, қоныс тойын тойлап отырған жай бар.
2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Қаскелең қаласының «Қарлығаш» ықшам ауданында меценаттар көмегі есебінен әлеуметтік осал топтарға үш пәтердің кілті табысталса, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында бірден бес бірдей көп балалы анаға мемлекет есебінен сатып алынған үш бөлмелі пәтерлердің кілті салтанатты түрде тапсырылды. Жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13 отбасы тұрғын үймен қамтылған.
Қарлығаш ықшам ауданында 2019 жылы мемлекеттік қаражатқа 50 және 40 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына жүргізілуде. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 40 пәтерлі тұрғын үйді қолданысқа беру көзделіп отыр.
«Өмірұзақ» тұрғын үй кешенінде 32,0 га жер теліміне 2 қабатты 520 пәтерлі 130 «таунхаус» үйлерін салуға 24,6 млн. теңгеге жобалау - сметалық құжаттамалары әзірленді. Аудан халқына көрсетілген жақсылықтар бұл ғана емес. Биыл АӘК –ті аудан бойынша 4,500 адам алды.Барлық бюджет жыл соңына дейін 99,9 %-ға орындалады»,- дейді Қарсай ауданының әкімі Жандарбек Ермекұлы.