
Ауыл - алтын бесік болса, ауылшаруашылығы саласының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген мамандар шынымен құрметке лайық.
Берекесі мен бірлігі біте қайнасқан еңселі ауылдың бүгінгі тірлігі де жарасымды. Бұл егін, мал шаруашылығын дамытып, туған жердің қамын көксеп жүрген азаматтардың арқасы екені талас тудырмайды.
Осы мерекеге орай Көксулықтар сала қызметкерлерінің күнін бір кісідей тойлады. Аудандық мәдениет үйіндегі салтанатты жиын аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының құттықтау сөзімен ашылды.
Шара барысында жыл бойы атқарылған жұмыстар қорытындыланып,үздіктер марапатталды. Олардың қатарында Алматы облыстық ауылшаруашылығы басқармасының Құрмет грамотасымен "Ойшы" шаруа қожалығының басшысы Тимур Ойшынов мадақталды. "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасындағы айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында,2018-2019 оқу жылындағы еліміздің барлық өңірлеріндегі білім,мәдениет,өнер,әлеуметтану саласындағы үздік қызметкерлердің жетістіктерін қоғамға кеңінен насихаттау жолында жарық көрген "Алтын кітап" ҚР білім,мәдениет,өнер саласындағы үздік қызметкерлердің ІІІ республикалық энциклопедиясына "Алмаш" шаруа қожалығының басшысы Айтбай Баядилов енгізіліп Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі "Алтын глобус" халықаралық білім және мәдениетті дамытудың оқу-әдістемелік,ғылыми-инновациялық академисының Құрмет грамотасымен және "Үздік маман", " Алтын адам" медальдарымен марапатталды. Және өзге да еңбегі сіңген жандар бағалы сыйлықтармен,ақшалай сертификаттармен қошеметтелді.
Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.