
Жиналысқа Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев, Алматы облысы Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары О. Океев және Талдықорған қаласының ІІД қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында Ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің арасында заң бұзушылықтардың алдын алу және нақты шаралар қабылдау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды.
Алматы облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюросының бөлім басшысының орынбасары Қ.К. Жиенбаев өз сөзінде:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тек құқық қорғау функциясына ие болғанына қарамастан, заң бұзушылықты болдырмау үшін мемлекеттік органдарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы насихаттауды жүзеге асырамыз. Мұндай жұмыстан кейін күтілетін нәтижелер жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру және басшылық тарапынан кез-келген алғышартты болдырмау үшін шешуші шаралар. Стратегияның ең маңызды мақсаттарының бірі - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жасайтын себептер мен жағдайларды жою. 2017 жылы республиканың құқық қорғау және сот органдарында 290 құқық бұзушылық тіркелді. Алматы облысында 2017 жылы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қатысты 40 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың төрттен бірі (159). Осы 24 адамға қатысты тергеу жүргізілді, олардың 22-сі сотталды»,- деп баяндады.
Сөзін қорытындылай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроның бүгінгі күні екі негізгі міндет тұратынын атап өтті.
Бірінші: сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалаудың сөзсіздігінің принципін жүзеге асырудың барынша толықтығын қамтамасыз ету.