
«Арқалағаны алтын, жегені жантақ». Бұл тілші қауымға қаратылып айтылатын сөз тіркесінің астарындағы ақиқаты қалам ұстаған қауымның бар ғұмырын айшықтап тұрғандай. Сансыз жылдары жұрттың жоғын түгендеумен өтетін журналистердің еңбегінің еленетін күні сирек. Ал, Алматы облысы аталған олқылықтың орнын толтырды. Ол жылсайын өтетін Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы.
Тілшілер додасы «Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттауды нысанаға алған. Тұлпардың тұяқтысы ғана шыдайтын аламан бәйгені ұйымдастырушылар Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы.
Жетісудың жауһарларын тізіп, жетістігін жазып, сара жолын саралайтын сұрмергендер ақпарат таратудан артта қалған емес. Тұшымды ойы, пайымды көзқарасы бар тілші қауымның тіршілігі елдің алдында өтіп жатыр. Халық қалаулыларына айналған сайыпқырандардың «Самғауы» заңдылық.
Әдеттегідей, дәстүрден жаңылмай өткен байқауға жоғарыда сыйпаттаған, сөзден сұлу сарай соғып, халықтың өз бидайын өздеріне қуырып беріп жүрген жандар додаға түсті. Дарындылар топ жарды. Тілшілік тіршілікпен тыныстап жүргендер 11 аталым бойынша бағын сынады. Барлығы 145 жұмыс қаралды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздіктер лайықты тұғырына қонды. Жіктеп айтар болсақ, «Үздік желілік басылым» номинациясы бойынша 3-орын - «Қarasayinfo» желілік басылымына бұйырса, 2-орын - «www.7su.kz» облыстық «Жетісу» газетінің желілік басылымының еншісінде кетті. Ал, 1-орын-ды «Огни Алатау» газетінің желілік басылымы алды.
Келесі «Үздік облыстық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе (Үздік блогер») (Алматы облысы туралы пост) бойынша 2-орын - Нұрбол Ханағат иеленсе, жүлделі бірінші орын Сандуғаш Дүйсенованың еншісіне байланды.
«Үздік бейне клип өндеуші (монтаж) номинациясы бойынша үш орынды «Жетісу» телеарнасының видеоинженері мен режиссерлері бөлісіп алды. Атап
айтсақ, 3-орынды Александр Белов алды. 2-орын болса Данияр Мұстафаевқа тиесілі болды. Ал, 1-орын Шалқар Хусаиновтың қанжығасында кетті.
«Үздік республикалық (халықаралық) тілшісі Алматы облысы туралы ақпараттық материал) аталымы бойынша - республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан мақаласы үшін Анна Платонова 3-орын, республикалық «Рұхани жанғыру» журналында шыққан мақаласы үшін Қажет Андас 2-орын, «Хабар» арнасында шыққан «7 граней великой степи – новые сведения о золотом человеке» сюжеті үшін Әділхан Сахариев 1-орыннан көрінді.
«Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика» аталымы бойынша «Жетісу» газетінің аға беттеуші дизайнері Роза Жексимбекова 3 орын, «Жетісу» газетінің беттеуші дизайнері Мөлдір Мұраталинова 2 орын, «Талдықорған», «Талдықорған ақшамы» газеттерінің дизайнері Айжан Садуакасова 1 орынмен марапатталды.
«Үздік тілші» (аудан, қалалық баспа басылымдары) номинация бойынша 3-орынды «Сарқан» газетінің бас редакторы Жомарт Игіман иеленді, 2 орынды «Қаратал» газетінің бас редакторы Асхат Өмірбаев алса, 1 орынды «Жетісу шұғыласы» газетінің тілшісі Зейнегүл Жұмабекова алып марапатталады.
«Үздік фотосуретші» номинациясы бойынша 3-орын Батыршин Тимурдің республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан фотосүреттері 3 орынға лайық деп танылды. 2 орынға «Жетісу» газетінің фототілшісі Жұмабай Мусабековтің туындылары лайық болса, үшін марапатталады. Жеңіс Ысқабай жеңіс тұғырынан көрініп 1 орын алды.
«Үздік оператор» (бейнематериал) аталымы бойынша жүлделер Жетісу телеарнасының таспагерлеріне бұйырыпты. 3 орын Мади Байбосыновтың, 2-орын Қайрат Қазтұрғановтың, 1-орын Айдос Қалиевтің тақымында қалды. Байқауымыздың «Үздік тележурналист» (жаңалық сюжет) номинациясы бойынша 1 Мадина Айтқалиқызы және 3 орынды Назгүл Аязбаева сынды қос бірдей «Жетісулық» арулар иеленсе, 2 орынмен «31» арнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі есімі елге етене таныс Самал Қабышеваны марапаттады.
«Үздік журналист» (ақпараттық мақала) аталымы бойынша республикасылық «Время» газетінің тілшісі Дүйсенова Сандуғаш 3-орынды місе тұтса, облыстық «Жетісу» газетінің штаттан тыс тілшісі Азамат Ақылбеков 2-орыннан көрінсе, «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары Жұматай Әміреев 1-орынды қанжығалады.
Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін (ардагер журналист) номинациясы бойынша Журналистика саласында 45 жыл еңбек еткені үшін, 10 мыңнан астам репортаждар мен хабарлардың авторы, Қазақстанның кешегі және қазіргі телевизия тарихында табан аудармастан 25 жыл бойы жаңалықтар редакциясында репортер болып қызмет жасаған журналист, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Республикалық «Нұрсұңқар» сыйлығының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы. Бір сөзбен айтқанда журналистиканың жампозы Тілеуқабыл Мыңжасар марапатталады.
Биік шыңға көз тіккен елдің ұландары рухни жаңғырудың жаңа кезеңін басталғанын жарсала жазып жүрген журналистер осылайша тиісті тұғырынан бой көрсетті.