
Аудан экономикасының дамуының негізгі бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы.
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 11 айда 39 млрд. 50 млн.теңгені құрап, заттай көлем индексі 106,6 процентке жеткен. Жыл аяғына дейін жоспар 105,4 процентке артып, 41,1 млрд. теңгеге орындалатын болады.
Ал алдымыздағы жылға барлық егіс көлемін 84700 гектарға игеру жоспарлануда. Оның ішінде дәнді дақылдарды - 33360 га, қант қызылшасын - 857 га, майлы дақылдарды – 36160 га, картопты – 1597 га, жеміс-жидек және бақша дақылдарын - 997 га, азықтық дақылдарды - 11729 га артырыу көзделуде.
Сондай ақ, «Алакөл Агро» серіктестігінің құны 700 млн.теңгені құрайтын 5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд. теңгені құрайтын «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа арналған ірі қара малын бордақылау алаңын 2020 жылы қолданысқа беруді жоспарлап отыр.
Ауданда ауыл шаруашылығы саласымен бірге өнеркәсіп саласы да қарқынды даму үстінде.
2020 жылы «Қайыңды» серіктестігінің қуаттылығы күніне 20 тонна ет өңдеу цехін, «Голд ФИШ» серіктестігінің 1,5 тонна балық өнімін өндіретін балық өңдеу зауытын, жылына 5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін «Алакөл май» серіктестігінің май өңдеу зауытын қайта жаңғырту, сонымен қатар «Дидар и К» серіктестігінің итальяндық технология бойынша ұн тарту кәсіпорнын және де «Себепов» серіктестігінің темір бетон өнімдерін шығару кәсіпорнын және «Лепсинск өнімі» серіктестігінің джем, варенье шығаратын линиясын қолданысқа беру нысанаға алынған. Келер жылы аталған жобалар іске асса айдынды Алакөлдің әлеуетінің асқақтары анық.
Алакөлдегі жағымды жаңалықтың бірі 2020 жылы Ақши ауылынды «Жалын» лагерінің құрылысы басталмақ. 720 орынға арналған демалыс орны қысы-жазы жұмыс істейтін болмақ.
Биылғы жылы құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық жоспары 116,2 процентке орындалып, 16,4 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 137,4 процент.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 19 көп балалы отбасыларына 130,9 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алынды.
2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында екі 20 пәтерлі және бір 60 пәтерлі тұрғын үй құрылыстары жүргізілетін болады. Оның 20 пәтері кезекте тұрған көпбалалы аналарға беріледі.
Өңіріміздің басты түйткілді мәселесі жол. Алайда бұл бағытта да жыл өткен сайын түрлі жұмыстар атқарылып, өз нәтижесін көрсетуде. 2019 жылы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары бойынша 9 елді-мекеннің 22 шақырым болатын 24 көшесі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Ал, облыстық маңызы бар жолдар бойынша Үшарал – Қамысқала (6 шақырым), Қабанбай – Көктұма (4 шақырым), Қайнар ауылына кіре беріс (2,4 шақырым) автокөлік жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» бағытындағы 184 шақырым және «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» бағытындағы 149 шақырым жол құрылысы жүргізілуде.
2020 жылы 4 елді-мекенге 23,5 шақырым автокөлік жолдарын салу жоспарлануда. Және де Үйген тас өңіріндегі 9 бірдей көпір қайта жөндеуден өтеді.
Ауданда 42 денсаулық сақтау мекемелерінде 113 дәрігерлер, 563 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды.
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері денсаулық саласының материалдық техникалық базасы тұрақты дамыған. Үстіміздегі жылы 159,3 млн.теңгеге 7 бірлік медициналық қондырғы сатып алынған. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 499 млн.теңгеге аудандық ауруханаға компьютерлік томография қондырғысы орнатылып, жұмыс жасауда.