
Желтоқсан айының 23-ші жұлдызында аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлының төрағалық өтуімен жиын өтті.
Шараға арнайы "Nur Otan" партиясы Алматы облысы бойынша бірінші орынбасары Жанболат Жөргенбаев қатысты. Еске сала кетсек, Жанболат Әкебайұлы 10-шы желтоқсанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қатысуымен өткен активте жаңа қызметке тағайындалған болатын.
Жиында атаулы партияның алға қойған міндеттері мен алдағы сайлауалды бағдарламаның жобасы сөз етілді. Елбасының атап көрсеткен 7 серпін бағдарламасы да айтылды.
Жанболат Жөргенбаев: "Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – "Nur Otan" партиясының 7 серпіні" атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау; барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру мен биліктің барлық деңгейіндегі партия алдындағы жауапкершілігін арттыру; халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу; партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды қамтиды"
Жиын соңында аталмыш партияның бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің көктем айларында жұмыс сапарымен Алматы облысына келетіні ескертілді.
Диляра ЮСУПОВА