ӘЛЕУМЕТ

Мемлекеттік қызметкерлер бозкілемге шықты

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.12.2019
Оқылды: 335 Печать страницы
Мемлекеттік қызметкерлер бозкілемге шықты

Алматы облысының мемлекеттік қызметкерлері арасында GRAPPLING

GI (UWW) күресінен Мемлекеттік қызметкерлер арнасында турнир өтті.

Аталған сайысты ұйымдастырушылар Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департаменті, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Мемлекеттік қызметтегі сайып қырандардың білек күшін сынайтын сайыстар бұған дейінде өткізілген болатын. Джу-житсу-дан өткен аталмыш дода Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған 8-ші іс-шарасы.

Жарыстың мақсаты- мемлекеттік қызметкерлер арасында грэпплинг ги күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен жүйелі айналысуына ықпал ету, бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.

Сайысқа қатысушы «Жастар мен кадет»-тер «геплинг» бойынша, ал, мемлекеттік қызметкерлер «греплинг ги» түрінен бақ сынады. Спорттың ең бір қарулы түрі, ерлердің күш-қуатын анықтайтын джу-житсудан өткен турнирге Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысы әкімдігінің аппараты, Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен қоса есептегенде 8 басқарманың « сен тұр мен атайын» деген азаматтары қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында греплин ги-дан Алматы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының атынан шыққан Рахман Шахарбек жеңіске жетсе, жастар мен кадеттер арасынан 1-орынды Нұрбек Мырзалинов еншіледі. Қос бірдей саңлаққа чемпиондық белбеу табысталды. Айта кетерлігі жігіттер 5 салмақ дәрежесі бойынша бозкілемде өнер көрсетті. Жарыстың соңында барша қатысушыларға кимано мен арнайы дипломдар табысталды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.