ӘЛЕУМЕТ

Алакөлде жаңа нысан қолданысқа берілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 30.12.2019
Оқылды: 346 Печать страницы
Алакөлде жаңа нысан қолданысқа берілді

Алакөл ауданының орталығы Үшарал қаласында әлемдегі белгілі ғимараттардың бірі Биг-бен тәріздес сағаттың ашылу салтанаты өтті.

Шара барысында аудан әкімі Ә. Жақанбаев пен келген қонақтар сағатты тамашалап, естелік суретке түсті.

Айта кетсек, жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын бұл нысанның биіктігі 8,5 метр, сағат диаметрі 1 метр. Куртинск гранитінен дайындалған нысан Ресей мемлекетінің Санкт-Петербург қаласында жасалған.

Бүгінгі күні аудан орталығында халық қажеттілігі үшін түрлі ғимараттар көптеп бой көтеруде. Сондай-ақ, бүгінгі ашылған нысан да Үшарал қаласының көрікті жерлерінің біріне айналары сөзсіз.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.