
Өткен аптада аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында алтыншы шақырылған аудан мәслихатының кезекті 57-ші сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Алмас Әділ, аудандық мәслихат депутаттары, Алматы облыстық мәслихатының депутаты Секенбай Шеңгелбаев, мекеме, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ақсақалдар алқасының мүшелері, саяси партиялар өкілдері, баспасөз ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе - Көксу ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті және ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы қаралды.
Аталған мәселелер бойынша аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Серік Нұрмұханбетов баяндама жасады.
- Құрметті аудан басшысы, құрметті депутаттар!
Ауданның 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінің жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне сәйкес, Президенттің Қазақстан халқына арналған Жолдауларында қойған міндеттердің, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесінің және кірістердің түсуін болжау әдістемесінің негізінде қалыптастырылды.
Сондай-ақ, бюджетті қалыптастыру кезінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, аудан аумағын дамыту бағдарламасы ескерілді.
2020-2022 жылдарға меншікті кірістердің сомасы 2020 жылға - 772846 мың теңге, 2021 жылға - 903388 мың теңге, 2022 жылға - 988795 мың теңге сомасында есептелді.
2020 жылға корпоративтік табыс салығының 70 пайызы және әлеуметтік салығының 100 пайызы аудандық бюджетке түсетіні белгіленді.
2020 жылға арналған шығындар келесі көлемдерде белгіленді. «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1-функционалдық топ бойынша 2020 жылға бюджет 244215 мың теңге сомасында анықталды. Даму бюджеті бойынша Айнабұлақ ауылдық округі аппаратының ғимаратының құрысына ЖСҚ-ны дайындауға 5000 мың теңге қарастырылды.
Жалпы мемлекеттік басқару органдардың шығындары 2020 жылға 596794 мың теңге сомасында белгіленді. Оның ішінде аудан бюджеті есебінен 17 мемлекеттік орган қаржыландырылса, 10 ауылдық округтердің аппараттары дербес бюджеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
«Қорғаныс» 2-функционалдық топ бойынша әскерге шақыру пункттерін ұстауға және әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, аудандық масштабтағы өрттердің алдын алу және сөндіру шараларына 14765 мың теңге белгіленді. «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік» 3-функционалдық топ бойынша елді мекендерде жол қозғалысы қуіпсіздігін қамтамасыз етуге 19004 мың теңге қарастырылды.
Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары 70185 мың теңге сомасында жоспарланды, оның ішінде жаңа модификациядағы кабинеттерді сатып алу - 18447 мың теңге, IT-сыныптардың материалдық техникалық базасын нығайту - 28611 мың теңге, мектептерге автобусты сатып алуға - 13327 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарының кейін мектептердің материалдық техникалық базасын нығайтуға - 9800 мың теңге.
Даму бюджеті бойынша Қызылтоған ауылындағы 120 орындық мектебінің құрылысына - 348545 мың теңге, Қазақстанның 10 жылдығы ауылында мектептің құрылысына ЖСҚ-ны дайындауға - 1540 мың теңге, Қаратал ауылында орта мектеп құрылысына ЖСҚ-ны дайындауға - 36531 мың теңге, Мәмбет ауылындағы интернатына асхананың құрылысына ЖСҚ-ны дайындауға - 9307 мың теңге, Бесқайнар ауылындағы 120 орындық орта мектеп құрылысына ЖСҚ-ны дайындауға - 33276 мың теңге қарастырылды. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» 7-функционалдық топ бойынша шығындар 1281418 мың теңге сомасында анықталды.
Ағымдағы шығындар арқылы азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге - 19500 мың теңге, ҰОС-ның құрбандарына қойлған ескерткіштерді жөндеуге жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер - 7600 мың теңге, Балпық би ауылындағы Алматы-Өскемен жол бойын абаттандыру бойынша қосымша жұмыстарына - 20000 мың теңге, Балпық би ауылындағы көп қабатты тұрғын үйлердің алаңдарын абаттандыру жұмыстарына - 280280 мың теңге, және Балпық би ауылындағы Щадрин шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің алаңдарынның ағымдағы жөндеу жұмыстарына - 77780 мың теңге жоспарланды.
«Басқалар» 13-функционалдық топ бойынша 2020 жылға 575328 мың теңге жоспарланды. Аталған топ бойынша жергілікті атқарушы органының резерві – 18779 мың теңге, «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде Ақшатоған ауылындағы орта мектебінің кұрделі жөндеу жұмыстарына - 549381 мың теңге сомасында қарастырылды.
«Трансферттер» функционалдық тобы бойынша 10 ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенция көлемі 186696 мың теңге сомасында есептелді.
2020 жылға мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бюджеттік кредиттер 178943 мың теңге, жергілікті атқарушы органның жоғары тұрған бюджет алдындағы борышын өтеуге 49271 мың теңге жоспарланды, - дей келе, аудан бойынша қаржылық есепті түсіндіре өтті.
Депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, шешім шықты. Сессия отырысы соңында, яғни мәслихаттың кезекті 58 - сессиясының төрағасы болып Медет Смағұлов сайланды.
Диляра ЮСУПОВА.