ӘЛЕУМЕТ

Кемеңгер тұлға

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 09.01.2020
Оқылды: 304 Печать страницы
Кемеңгер тұлға

2020 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аталып өтіледі. Бұл туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл жаңалық барша қазақ елі үшін жағымды болды деп ойлаймын. Себебі, Абай - қазақ халқының сөнбес жұлдызы, шамшырағы.

Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл –ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев – өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогрессшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған  сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін алға жетеледі.
Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселелерін қамтыды, сол кездегі қазақ елінің шын сырын аша білді. Біздің ғалымдар әлі де Абайды толық зерттеп, біліп, үлгерген жоқ. Абай –ағартушы, гуманист ақын ғана емес, сонымен бірге, ақынның кемеңгерлігін, шеберлік суреткерлігін айқындап, өз елінің өнер қазынасын зерттеуші, тарих, әдебиет ілімін үйретуші ұстаз деуге әбден болады. Абай сияқты тұлға мың жылда бір келетінін ескерсек, біз Абайтану ілімін зерттеуге бар күшімізді жұмсауымыз керек деп білемін. 
 

Айгүл АЙМАНБЕКОВА.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.