ӘЛЕУМЕТ

Іле ауданында үйі өртеніп, баспанасыз қалған жанұяға көмек қолы созылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 14.01.2020
Оқылды: 293 Печать страницы
Іле ауданында үйі өртеніп, баспанасыз қалған жанұяға көмек қолы созылды

Қаңтар айының 12-нен 13-не қарған түні таңғы сағат 3 - те Іле ауданы, Байсерке ауылы, Набережная көшесінде орналасқан үй қызыл жалынға оранды.

Тоқтың тұйықталуынан үйде өрт шыққан. Өрт құрсауында қалған үй Алатау Жарық Компаниясына (АЖК) тиесілі қызметтік үй-жайы болып табылады. Бұл баспананың салынғанына 60 жыл болған. Ағаш үйдің жалпы ауданы 70 шаршы метр. Осы үйде Алатау Жарық Компаниясының (АЖК) қызметкері 1976 жылдың тумасы, №60 қосалқы станцияның кезекшісі Даулет Сарбасов тұрған.

Отбасында өзі, жұбайы мен 3 баласы бар. Төтенше жағдай орын алған жерге Байсерке ауылдық округі әкімі аппараты тарапынан Даулет Сарыбасовтың отбасына округ әкімі Т. Көпбаев барды. Өрттен зардап шеккен жанұяға көмек қолын созу үшін арнайы комитет құрылған. Комитет мүшелері аталған отбасын уақытша тұру үшін пәтерге орналастырып, қажетті азық түліктер мен отбасы мүшелерін керек киім-кешектермен қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, мектеп жасындағы балаларын білім ошағында тегін тамақпен қамтамасыз етуді де ұйымдастырған. Тағы да айта кетерлігі, жалпы сомасы 60 мың теңгеге жаңадан заттар алып, 50 теңге қаржылай көмек көрсетілген.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.