
Абай мұрасындағы адам мен қоғамның үйлесімді дамуына қатысты көзқарастар бүгінгі еліміз бен ұлтымыздың жаңғыруына бірден-бір жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мол және ерекше сипатта. Әлемдегі әрбір ұлт өркениетті даму жолында мемлекеттің өркендеуіне ерен ықпал ету қабілеті зор болмыстарына, соның ішінде тарихи тұлғалар мұрасына қайта оралып, үнемі зерделеп отырған.
Уақыт өткен сайын тұлғалардың адамзат өмірінің әр алуан қырларын тереңінен қарастырып, адам мен қоғамның үдемелі даму негіздерін айқындап беретін көзқарастарын басты құндылық ретінде жаңа заман лебімен үйлестіре жаңғыртқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түптеп келгенде бізге жаңа биіктіктерге ұмтылуға жол ашқан зор дүние деп қабылдадық.
Мақаланың мемлекетіміз бен халқымыз үшін тарихи тұрғыдан аса маңызды жылдың басында шығуы заңдылық әрі көптен күткен дүние. Мемлекет басшысының мақаласының өзегі – қазақтың дана тұлғасы Абай Құнанбайұлы. Абай мұрасындағы адам мен қоғамның үйлесімді дамуына қатысты көзқарастар ұлтымыздың жаңғыруына бірден-бір жаңа серпін, тың идеялар беретін ғибраты мол және ерекше сипатта екендігі мақаланың ұлт болмысының үлгісі, мемлекет ісінің мүдделісі, жаңа қоғамның жанашыры сынды өзектерінде айрықша талданған әрі тұжырымдалған. Оның негізгі ойы бір жағынан бізге Абайды біліп, игеру болса, екінші жағынан қазіргі ХХІ ғасырдағы Қазақстан қандай болуы керек, біздің жасап жатқан қадамдарымыз қай бағытта болуы керек деген сауалдарға жауап іздеу.
Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.Абай мұрасы - біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық деп есептейміз, осы орайда Абай тұлғасын тек республикалық емес, халықаралық деңгейде ұлықтау да артық болмас.
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтылған . Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептейміз.Ұлы Абай шығармалары өзінің рухани өзектілігін жоғалтқан жоқ.Оның қара сөздері мен өлеңдері бәрімізге рухани азық болып отыр, болашақта да бола бермек.Сондықтан ұлтымызды жаңғыртып, рухани жаңғырамыз десек Абай сөзін жаттап, Абай
үнін ести білсек ұрпағымыз ұлағатты болады деп есептейміз.
Ұлан ДОСЫМБЕКОВ,
аудан әкімінің орынбасары