ӘЛЕУМЕТ

АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ ЖОСПАР АУҚЫМДЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 23.01.2020
Оқылды: 243 Печать страницы
АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ ЖОСПАР АУҚЫМДЫ

Елбасының тапсырмасына сай елімізде барлық  деңгейдегі әкімдердің жыл басында халықпен кездесіп, ел-жұртпен бірге өткенді ой елегінен өткізіп, болашаққа бағдар жасау, елдің айтқан арыз-талап, ұсыныс-тілектерінен хаттама жасау, олардың кезең-кезеңмен орындалуын қамти отырып, бақылауда ұстау, атқарылған істері мен алдағы күннің міндеттері жайлы халыққа есеп беруі қалыптасқан дәстүрге айналды. Осынау игі дәстүр сәрсенбінің сәтті күні Айнабұлақ және Алғабас округтерінде жалғасын тапты.
Алдыменен, Түрксіб құрылысының солтүстік және оңтүстік бөліктері  түйіскен , қазақы қылық пен жақсылықтың иісі аңқыған ауылдардың бірі – Айнабұлақ округіне ат басын тіредік.
Округ әкімі Мәулен Бәзілов өткен жылдың ауыл үшін жағымды жаңалықтар мен толағай табыстарға толы болғанын айтып, өз қорытынды есебін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты  Жолдауымен бастады: - Халқымызды толғандыратын барлық мәселелер бізге белгілі.Осыған орай, ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатыр. Бізге зор жауапкершілік жүктеліп отыр.Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын.Қазақстан - ортақ шаңырағымыз!Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын!Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі.Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік - ақылға бірлік» дегенін білесіздер. Елбасымыздың «Ел бірлігі - ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі - біздің айнымас қағидамыз. Береке мен бірлік, ақыл мен парасат халқымызды үнемі алға бастап келеді.Бағытымыз - айқын, жолымыз - ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін! - деген болатын.
Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көрсететініне сенімім мол. Елбасының Жарлығына сәйкес жыл сайын округ әкімдерінің ауыл тұрғындарының алдында есеп беру жиыны өткізіледі.Жиындағы тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескерусіз   қалмайды. Есептік кездесу кезінде тұрғындардан түскен ұсыныс-пікірлер бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, тұрғындарды жүйелі түрде хабардар етіп отырамыз, -дей келе, ауыл ішіндегі атқарылған келелі істерді баяндады.
Аудан басышысы Алмас Қабдулұлы ауыл тұрғындарын 2020 жылға құрған жоспарлы міндеттерімен таныстыра келе, орындалуы тиісті істерді кеңінен атап өтті.
Қос әкімнің баяндамаларын ұйып тыңдаған халық жаппай қошемет білдіріп, сұрақтарын да қойып үлгерді. Әсемгүл Ақжолова кезіндегі М.Тынышбаев атамыздың біліктілігімен салынған Түркістан - Сібір Темір Жолы торабы ескерткішінің 90 жылдық мерейтойына орай, ескерткішті жаңартып берулерін сұрады. Бұл мәселені аудан басшысы ескерусіз қалдырмайтындығын айтты.
Жиын соңында ауыл ақсақалдары есептік кездесуге «қанағаттанарлық» деген бағаларын беріп, әкімдерге өз ілтипаттарын білдірді. «Көреген басшы елді өсіреді» демекші, қарапайым халықтың аудан және округ әкімдеріне сенімі мол екеніне көз жеткіздік.
Түстен кейін, сол құраммен Алғабас ауылдық округінің халқыменен жүздестік. Кезек Алғабас ауылдық округінің әкімі Дәурен Молдағалиға келді. Жас болса да, бәрінің басы-қасында бас боп жүрген округ әкімінің еңбегі ауылға кіргеннен-ақ мен мұндалап тұр. Былтырғы жылы салынған «Жастар саябағы» соның бір дәлелі. Оған қоса, ауыл ішінде жаңа жұмыс орындары ашылып, халық жұмыспен қамтылған. Тіпті, есептік кездесуде аудан әкіміне қойылған сұрақ та болмады. Бұл дегеніміз, округ әкімінің халықпен етене араласып, халықтың басшыларға деген сенім білдірулерінде. Өз аттарынан «жақсы» деген баға қойып, ризашылықпен тарқасты.
«Рухы еркін халық қана – ұлық істер атқара алады» деп Елбасымыз атап көрсеткендей, алдағы атқарылар ұлық істеріміз ұлы істермен жалғассын дейміз.
 

Диляра ЮСУПОВА

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.