ӘЛЕУМЕТ

Қазгидромет Орталық Азиядағы әріптерімен өңірдегі бірегей тәжірибесімен бөліспек

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 23.01.2020
Оқылды: 263 Печать страницы
Қазгидромет Орталық Азиядағы әріптерімен өңірдегі бірегей тәжірибесімен бөліспек

2020 жылдың 27 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласында Қазгидрометтің «Су тасқынын болжау үшін өзен ағынын модельдеу» атты семинары өз жұмысын бастайды. Қазгидромет Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен тұңғыш мәрте өзен ағынын қысқа мерзімді болжау әдісімен бөлісетін болады.

Семинар Қазгидромет ғимаратында 27-31 қаңтар күндері өтеді. Ұйым қызметкерлері 3-7 күнге өзендердің ағынына қалай болжау жүргізуге болатындығы жайында әңгімелемек. Семинар Орталық Азия Аймақтық экология орталығының Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асырылып отырған «Климат өзгерісіне бейімделу және Арал теңізі алабының салдарын жеңілдету бағдарламасы» (CAMP4ASB) аясында өткізілуде.

Жоба аясында жергілікті өзендерге осы модельдерді бейімдеу және кеңес беру мақсатында Орталық Азия елдерінің гидрометеорологиялық орталықтарында көшпелі семинарларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Тренингке қатысушылар - Тәжікстан,Өзбекстан, Түркіменстан гидрометеорологиялық қызметтерінің мамандары.

Сіздерді қатысуға шақырамыз

_________

Өткізілу уақыты: 10-00 – 17-30

Өткізілетін орны: «Қазгидромет» ғимараты, Мәңгілік Ел к., 11/1

Толығырақ ақпарат алу үшін:

Жанна Бабағалиева, климат өзгерісі және тұрақты энергетика жөніндегі маман.

+7 701 774 2989

zhbabagaliyeva@carececo.org

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.