ӘЛЕУМЕТ

Көксу ауданында Президенттің аттасы тұрады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 12.02.2020
Оқылды: 237 Печать страницы
Көксу ауданында Президенттің аттасы тұрады

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбірі заманына сай, ел арасында кең таралған, заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін, кейбірі ежелгі есімдерді қояды.

Ал көксулық жас отбасы Нұрсұлтан мен Жұлдыз Досымбековтер дүниеге келген тұңғыштарының есімін азан шақырып, Президенттің құрметіне Қасым-Жомарт деп атаған. Отағасы  тұңғышына белгілі себептермен қойылған есімнің тарихын айтып, ұқсатып қойған адамның жақсы жетістіктерін айтса, бала соған еліктеп өседі дейді. Айтуынша, өзінің Нұрсұлтан деген  есімін Елбасы құрметіне атаған екен. "Адамның тағдыры атына сай қалыптасады дейді. Сондықтан ұлыма есім таңдарда көп ойландым. Кішкентай Қасым-Жомартым биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін, - дейді нәрестенің әкесі.

Періште сәби өскенде атына заты сай болсын дейміз.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.