ӘЛЕУМЕТ

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жүгі ауыр

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 26.02.2020
Оқылды: 217 Печать страницы
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жүгі ауыр

Саясат сахнасында тәуелсіз ел ретінде төбе көрсеткен Қзақстанда егемендік алған жылдардан бері екі президент елдің көшін бастағаны белгілі. Танымы терең халқымыз тағдыршешті саяси науқанда тарихи таңдауын жасап, жаңа Президент ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлады. Мемлекет басшысы сайлауалды бағдарламасында ел іргесінде орнаған тыныштықты нығайтып, өркендеу мен өрлеу жолында тыңнан түрен салып, дамыған қоғам құруға бас-тайтынын айтты. Осы ойын жүзеге асыру мақсатында Қысм-Жомарт Кемелұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды. Бұл бастама түйткілді мәселелердің түйінін тарқататын, халықтың озық идеялары мен ұсыныстарын бір арнаға тоғыстыратын алаң болады деп мәлімдеген еді.

Президент әділдіктің үстемдік құруын талап еткен халықтың мәселелері шындыққа жанасатынын жоққа шығармай, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы бағытта жұмыс істейтінін жария еткен болатын.Ел ішіндегі татулық пен тұрақтылықтың салтанат құруы бұл –ілгері жылжудың алғышарты. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің басты миссиясы – егемен елдің елдігін сақтау.

Бүгінге дейін түрлі таным-түсініктегі, діни көзқарастағы қазақстандықтар бір үйдің баласындай, ынтымағы жарасып, құтты шаңырағын шайқалтпай, берекесін қашырмай өмір сүріп келе жатыр. Осының жарқын бір көрінісі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі болып табылады. Шын мәнісінде бұл Кеңес атқарушы билік пен қоғам арасында диалог орнатып, әлеуметтік ең өзекті мәселелерді талқылап қана қоймай, оның шешілуіне, сол арқылы дамудың жаңа кезеңіне жол ашады.

Расында, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде жүктелген міндеттер жүзеге асып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қозғау салса, демократияның өрісі кеңейіп, халықтың қамын жеген шын жанашыр қалаулылар бой көрсете бастайды. Кеңестің құрамына қоғамға сөзі өтімді, тиісті шешімдерді қабылдауға қауқарлы азаматтар енген. Тарқатып айтсақ, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы – Қазақстан Республикасының Президенті, төраға;

Көшербаев Қырымбек Елеуұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға орынбасары;

Қарин Ерлан Тынымбайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, хатшы

Ұлттық кеңестің мүшелері:

Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – Экономикалық саясат институтының президенті (келісім бойынша);

Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

Әбдіғалиұлы Берік – Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы (келісім бойынша);

Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы – қоғам қайраткері, «Серпін» Ұлттық білім беру және инновация палатасының төрағасы (келісім бойынша) сынды өзге де билікке базыналы елдің басындағы мәселені жеткізіп жүрген ақ жағалылар Кеңестің мүшелігіне өткен.

Жаһандану дәуірінде әлеуметтік желілердің әлеуеті күшейіп, азаматтар өз көзқарасын еркін білдіріп, дүниетанымы кеңейіп, санасы сергіп жатыр. Сон-дықтан азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударылып, биліктің халық алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет. Бұл тұрғыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі билікке елдің талап-тілектерін жеткізетін алаң болмақ. Ал қалың жұртпен диалогқа келу үшін олардың тілінде сөйлей алу керек. Бұдан мемле-кеттік тілді меңгеруге қажеттілік туып, қазақ тілінің қадірі де артады. Ұлттық кеңес ұлтты ұйыстыратын ұтымды ұсыныс, келсаппен түйгендей кесімді сөз айтылатын, бірлігімізді баянды, тірлігімізді тиянақты ететін бастама болары сөзсіз!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.