ӘЛЕУМЕТ

маңызды ақпарат

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 16.03.2020
Оқылды: 416 Печать страницы
маңызды ақпарат

Төтенше жағдайлар кезінде Алматы облысындағы нысандар төмендегідей жұмыс істейтін болады:
- ірі сауда, сауда-ойын сауық орталықтары сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеулі уақыттарда жұмыс істейді (азық-түлік дүкендері мен супермаркеттерден басқалары);
- азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері мен азық-түлік базарлары қалыпты режимде күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді;
- киім-кешек базарлары сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі уақыттарда күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық шараларды атқара отырып жұмыс істейді. Барлық сауда нысандарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар тұтақты ұйымдастырылады. Қоғамдық тамақтану орындарында, соның ішінде СОО-лардағы фуд-корттарда дезинфекция жасалатын болады; - азық-түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларын үздіксіз жеткізу мен оның бағасын тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;
- қоғамдық көлік соңғы аялдамалық пункттерде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізе отырып, бұрынғыдай режимде жұмыс істейді;
- балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, қалыпты режимде жұмыс істейді; - мектептен тыс қосымша білім беру нысандарының қызметі тоқтатылады (Оқушылар сарайы, үйірмелер, секциялар, компьютер клубтары), сол сияқты барлық спорттық нысандар жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлерінен жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар өткізілмейді;
- ойын-сауық, спорттық шаралар (көрерменсіз өтетін шаралардан басқа) және басқа да бұқаралық шаралар өткізуге, сол сияқты отбасылық еске алу шараларын өткізуге тыйым салынады;
- кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелер мен көңіл көтеретін орындардың (түнгі клубтар, краоке, барлар, компьютер клубтары, фитнес-орталықтар, тренажер залдары, бассейндер, моншалар) және басқа да халық көп жиналатын орындардың жұмысы тоқталды; - мейрамханалардың, кафелердің және басқа да қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты сағат 22.00-ге дейін шектеулі, бұл ретте бір мезетте жиналған адамдардың саны 50-ден аспауы тиіс.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.