ӘЛЕУМЕТ

ІРІ САУДА НЫСАНДАРЫ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 17.03.2020
Оқылды: 236 Печать страницы
ІРІ САУДА НЫСАНДАРЫ САЛЫҚТАН БОСАТЫЛАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов кәсіпкерлікті және отандық өндірісті қолдау шаралары туралы баяндады.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты тапсырмасын орындау үшін 7 негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Бірінші бағыт бойынша «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру көзделетін болады.

Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады. Қаражат, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге берілетін болады. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша несиенің жоғарғы шегі 7 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады.

Екіншіден, несиелер бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі бір қалыпқа келтіріледі және 6%-ды құрайды.

Үшіншіден, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасында салалық шектеулер алынатын болады және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында басым тауарлар тізбесі кеңейтілетін болады. «Екінші бағыт аясында кепілдердің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін, “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасы шеңберінде орта бизнеске кредит сомасын 1 млрд теңгеге дейін арттыру ұсынылады, ол бойынша 50% мөлшерінде кепілдендіру берілетін болады. Микро және шағын бизнес үшін 85%-ға дейін кепілдік берумен несие сомасын 360 млн теңгеге дейін арттыру ұсынылады. Жалпы кепілдік беру тетігі оңайлатылатын болады», — деді Р. Дәленов.

Үшінші бағыт бойынша осы кезеңде орта бизнесті тексеру санын төмендету ұсынылады. Қазіргі уақытта микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий қойылғанын атап өткен жөн.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.