ӘЛЕУМЕТ

БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 19.03.2020
Оқылды: 382 Печать страницы
БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР

Қазіргі  таңда  аудан халқының мәдени және рухани  өмірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  алар  орны  ерекше. Жыл  өткен  сайын  жақсарып,  өзінің  өміршең  бағдарлама  екенін  дәлелдеп  келеді. Өткен жылы аталған бағдарлама аясында 13 жоба, атап айтқанда:«Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша – 10; «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бойынша – 1; «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша – 2 жоба ұйымдастырылды.
    «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауды жоспарға сәйкес                     (48 шара) және жоспардан тыс (16 шара) барлық жерде  (орта және арнаулы білім беру мекемелері, балабақша, кітапхана, мұражай, мәдениет үйлері және т.б) 2019 жылдың 5 айы  бойынша барлық кіші бағдарламаларды қоса есептегенде 5 мыңға жуық адамның қатысуымен 64 әртүрлі форматтағы              іс-шаралар өткізілді.
Үстіміздегі  жылы да  ауданымыздағы  жарқын  істердің  басында  білім  саласы  басқаларға  үлгі  өнеге  көрсетіп  келеді.Осындай  келелі   істердің  бірі Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінің 2019 – 2020 оқу жылының оқу – тәрбие жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында наурыз айының 12-сі күні  мектепішілік «Ұлы дала тұлғалары»  тақырыбы  аясында өткізілген  ауданның  ардақты тұлғалары жайындағы жоба жұмысымен таныстық. Жобаның мақсаты – оқушыларға Көксу өңірінің дамуына үлес қосқан ардагерлердің өмір жолын, еңбегін зерттеп, зерделеп, болашақ ұрпақтарға насихаттау.
Жоба барысында оқушылар өздеріне бөліп берілген  ұлы тұлғалар жайлы зерттеу жұмысын презентациямен қорғады. Ұлы тұлғалардың өмірбаянын, еңбегін, қызметін дәріптеді. Оқушыларымыз өздері  зерделеген ардагерлердің үйлеріне барып, сұхбат құрып, мол мұраларымен танысыпты. Зерттеу жұмысы барысында компазитор Али Алпысбаевтың шығармашылық кешіне барып сұхбат алған,  ардагер ұстаз Сағынай Өмірзақұлының үйіне, мұражайына барып сұхбат алған,т.б. ауқымды зерттеу жұмыстарын жасағаны байқалды. Жобаға әділ баға беретін әділқазы алқалары ретінде аудандық үкіметтік емес  ұйымдар жетекшілері,аудандық ақсақалдар алқасының әжелер төрайымы Айнагүл Байсакова, ауданымыздың дамуына үлес қосқан ардагер  Жұмахан Күзбаев және  басқа да  кәсіби  сала  мамандары  оқушылардың жұмысын әділ бағалап, ақ баталарын беріп, мақтау қағаздарымен марапаттағаны  мектеп  ұжымының  көңілін бір  көтеріп  тастады.
Жоба жұмысының нәтижесі бойынша бас жүлдені Жұмахан Жұмағұлұлының өмір жолын, еңбегін зерттеген 5 «а» сынып оқушылары иеленді, сынып жетекшісі Дана Кудабаева, I орынды Жылқайдар Егінбаев атамыздың өмірбаяның, еңбегін зерттеген 6 «ә» сынып оқушылары иеленді, сынып жетекшісі Гүлзат Амангелді, II орынды Тельман Курмашев атамызды зерттеген 7 «ә» сыныбы иеленді, сынып жетекшісі Данияр Мирзаев және Сағынай Өмірзақұлын зерттеген 8 «а» сынып оқушылар иеленді сынып жетекшісі Сайлау Серікболұлы. III орынды Күләш Шамшидинова  апамыздың өмірбаянын зерттеген 8 «б» сыныбы, жетекшісі Маржан Курманкажиева, Маулен Мамыров атамыздың өмірбаяның зерттеген 6 «а» сынып оқушылары сынып жетекшісі Аяжан Кенжетаева, Шахгусен Гусеиннің өмірбаяның зерттеген 5 «б» сынып оқушылары, сынып жетекшісі Лейла Мамедовалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Зерттеу жұмысы барысында ескіліктің иісімен танысып келген оқушылардың өздері жасаған жұмыстарына қатты қуанды. Себебі аталарымыздың ақ батасын алып, ескерілмей келген есікіліктің мол мұрасын басқаларға дәріптеп игі іс атқарды.
Сонымен  қатар  осы  орайда  мектепте  тағы  қандай  игі  істері  бар  екеніне  шолу  жасап  көргенде байқалғаны - «Көксуым – менің кіші Отаным» тақырыбында фотоконкурс ұйымдастырылыпты. Бұл жобада оқушылар Көксу өңірінің көрікті жерлерін таныстырып, сипаттаған. «Менің Отаным – Қазақстан!» патриоттық әндер байқауы өкізіліп, жобаны әділ ұйымдастырып, кәсіби баға беретін ауданымыздың музыка мектебінен мамандар шақырылып, оқушыларымыздың өнерін тамашалапты.
Міне, осындай бағдарламаның арқасында оқушылардың шағармашылық қабілеттерін, ізденісімен білімін шындайтын жобалар мен іс – шаралар жүзеге асырылып жатқанына  куә  болдық.  Алдағы уақытта да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылатын көптеген жобалар бар  екеніне көз  жеткіздік.  Сол жобалардың жоғары дәрежеде зерттеліп, жаңалықтарға толы болатынына, оқушыларымыздың ізденіс жолындағы еңбектері әділ бағаланады деген ойдамыз. Бұл  жоба  байқауы барысында   біздің  көңілге  түйгеніміз  мектеп басшысы Анар Алдибекова ұтымды, креативті идеяларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мүмкіндіктерін дұрыс бағытта ұйымдастырып келеді десек,  «Жас келсе іске»  дегендей  тәрбие ісі  жөніндегі  директордың  орынбасары Аяжан Кенжетаеваның  ұшқыр ой, ұтымды  пікірімен  өз  ісіне деген  сүйіспеншілігіне  сүйсініп,  аудан  өмірінің  рухани  қазынасына  өз  үлестеріңізді  еселеп  қоса  беріңіздер  деген  ізгі  тілек  айтамыз.

Дәлелхан ЖӘНІШ,
аудан  әкімінің  жанындағы  ҚР мемлекеттік Рәміздер  жөніндегі  комиссия  хатшысы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.