
Кербұлақ ауданы бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап 30 наурызға дейін көрсетілген қайырымдылық көмектер:
- Аудан бойынша мектептер, балабақшалар және кәсіпкерлер қолдан бетперде тігіп, еріктілердің көмегімен тұрғындарға тегін бетперделер таратты. Барлығы - 2500 дана.
- Жалпы сомасы 1 млн 250 мың теңгеге 98 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Көмек қолын созғандардың қатарында Нұр отан партиясының аудандық филиал өкілдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалық иелері, аудандық бөлімдер мен мекемелер және аудан тұрғындары бар.
- Сонымен қатар, аудан тұрғындарына коронавирустан қорғану әдістері мен сақтық шаралары жайлы 3000 дана нұсқаулықтар мен жадынамалар күнделікті таратылуда.