Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “ Бірлесе білген ел бәрін жеңеді” деген мақаласын жприялаған болатын. Шындығында да, бірлігі мықты ел бәрін де жеңеді.
Бұл коронавирус инфекциясы – өте ауыр індет, сол себептен Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы дүние жүзі бойынша пандемия деп жариялады. Осыған байланысты президент Қасым- Жомарт Кемелұлы елімізге бірқатар жеңілдіктер жасап, өз Үндеуінде көптеген мәселелерді көтерді.
Елбасының мақаласына сүйенсек, Қазақстан елі осы дерттің алдын алған бірден- бір елдердің бірі болып келеді. Соның нәтижесінде, әр облыста карантин жарияланып,ахуал тұрақталуда.
Кезіндегі Елбасының сарабдал саясатының арқасында бүгінгі күні өзге мемлекеттер өздеріндегі жағдайға қарамастан елімізге көмек қолын созуда.
“Саламатты Қазақстан” бағдарламасы аясында елде көптеген нысандар салынды, соның арқасында індеттің алдын-алу шаралары үдеді. Осы орайда дәрігер өздерінің біліктілігін көрсетуде.
Әрине, мына жағдай еліміз үшін ауыр соққы болды. Сонда да, абыржып алаңдауға негіз жоқ. Себебі, ел басшыларының Қазақстан еліне жасап жатқан жағдайлары біздерге қанат бітіреді. Бәріміз біріксек, бір- бірімізге қолдау көрсетсек мына ауыр кезеңді өткереміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Әшімхан ОРАЗБАЕВ,
ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ИЕСІ