ӘЛЕУМЕТ

Халық еңсесі көтерілді

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 08.04.2020
Оқылды: 225 Печать страницы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы қазақ халқының еңсесін бір көтерді. Себебі, Қазақ халқы мұндай ауыр күндерде ,әрине Тәуелсіздік таңы атқаннан бері бірге қадам басып келген Тұңғыш Президенті - Сізді, Сіздің үндеуіңізді күтеді. Нұрсұлтан Әбішұлының қазақ халқының бүгінгі күнге жетуіне, ынтымақта өмір сүруіне ықпал еткен сындарлы саясаты мен ұтымды реформаларының арқасында, қазақ елі көптеген сынақтардан өтіп, биік белестерді бағындырып, бүгінде әлемді жайлаған ауыр індетпен күресуде. Қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық болмысын жоғалтпай бірлікте жұмылып ауыр індетпен күресуі Нұрсұлтан Әбішұлының «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» баяндамасының жемісі деп білемін. «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі» - деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, бүгінгі күні қымбат қазына – адамның өмірін ауыр індеттен арашалап қалу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Әрине бұл жұмыстар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғаннан бері Тұңғыш Президентіміз салған ізбенен, шекаралас мемлекеттермен орнаған ынтықмақтастық қарым – қатынастардың негізінде деп ойлаймын. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқы сіздің арқаңызды күш – жігерін жиюды, бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығарып алмағайып заманда бірлікте өмір сүруді үйренді. Еліміздің басын бұлт шалғанда – халқыңызбен бірге болғаныңызға қазақ халқы қуанышты деп ойлаймын. Еліңізге артқан сеніміңіз бен жас ұрпақты игі істер атқаруға шақырған бұл өсиетіңіз жерде қалмайды деп сенемін. Қазақ халқымен бірге болғаныңызға алғысымыз шексіз!

Қанат Оразбаев
белсенді жас

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.