ӘЛЕУМЕТ

Ақсу ауданы астықтың отаны

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 08.04.2020
Оқылды: 272 Печать страницы
Ақсу ауданы астықтың отаны

Шөбі шүйгін, топырағы құнарлы, суы мөлдір , ауасы саф өлке – Жетісу. Көз тартар табиғаты тек сұлулық үшін жаралмаған. Сондан болса керек Асан қайғы бұл жерді Жерұйық мекен дегені. Жерінің асты мен үсті де қазынаға толы өңірде шаруаның қай түрі болмасын қарқынды дамыған. Соның бірі, ауыл шарушылығы.

Аталған шаруа түрі кең өріс алған аумақ Ақсу ауданы.  Дақылдың сан түрі өсетін бұл аймақ астықтың отаны. Биылғы жылы 61 мың 017 гектар жерге  ауыл шаруашылық дақылдарын себу жоспарланған. Оның ішінде;  9500 гектар күздік бидай, 3500 гектар жаздық бидай, 14050 гектар жаздық арпа, 2350 гектар жүгері, 400 гектар сұлы, 3167 гектар қант қызылшасы, 500 гектар күнбағыс, 1300 гектар май бұршақ, 3821 гектар мақсары, 1600 гектар картоп, 353 гектар көкөніс,

276 гектар бақша, 10 200 гектар мал азығы дақылдары.

Жер аяғы кеңісімен  егін егу жұмыстары басталып кеткен. 37 200 гектар аумақты өңдеу жұмыстары жасалынса,  31 200 гектар жер жыртылып дайын тұр.  12 500 гектарға дәнді-дақылдар, 190 гектар жерге  қант қызылшасы дақылы себіліп үлгерген. Бұндай жұмыстың қарқынды жүруіне үкіметтің де тигізген шарапаты мол. Естеріңізде болса, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаурашылық өкілдері үшін жанармай бағасын 165 теңгеге төмендеткен еді. Міне, ауыл шаруашылығы мамандары осының пайдасын көріп отыр. Негізінде, егін науқаны басталды дегеніңіз, дизель отынына сұраныс артты деген сөз ғой. Осы ретте, биылдыққа шаруалардың қалтасы жұқармайтын болды. Айтпағымыз, тек себу науқаны кезінде осы уақытқа дейін дизель отынының 80 тоннасы игерілген. Төмендетілген бағамен алу кімге де болса ыңғайлы.

Шаруашылықтың басым жұмысын техника атқаратыны мәлім. Осы тұста аудан бойынша 528 дана ауыл шаруашылығы техникалары тексеруден өтіп, егіс алқабының қызметіне жаратылуда. Оның ішінде, 14-дана  қант қызылшасының сепкіштері жұмысқа дайын. Ақсу аймағы тітті түбірді өсірумен айналысатынын дүйім жұрт біледі. Аудан халқын асырап отырғанда қант қызылшасы.  Аталған өнімді себумен айналысатын 6-сервистік дайындау орталықтары жұмыс істейді, оның сыртында  4-ірі шаруақожалықтарында қант  қызылшасын себуге арналған техникалармен толық қамтылған. Бұл да ауыл шаруашылығы саласының жетістігі деп айтуға болады. Осының бәрі биліктің қолдауының арқасы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.