ӘЛЕУМЕТ

Ұйғыр ауданында 50 отбасыға тегін маска таратылды

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 08.04.2020
Оқылды: 201 Печать страницы
Ұйғыр ауданында 50 отбасыға тегін маска таратылды

Елдегі төтенше жағдайға байланысты республикамыздағы әр өңір Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырамасын бұлжытпай орындау мақсатында түрлі шараларды іске асыруда. Осы тұрғысында Алматы облысы тым белсенді екенін атап өткен жөн.

 Жер әсемі Жетісудың басшылары жастар және еріктілермен бірігіп қарқынды еңбек етуде. Бүгінгі таңда облыс бойынша 17 аудан мен  3 қалада барлығы  520 қайырымдылық акциялары өткізілді. Оның ішінде аудан, қала көлемінде дезинфекциялық жұмыстарға атсалысу, азық-түлік тасымалдау, медициналық антисептик, жеке гигиеналық заттар және бетпердемен қамтамасыз етумен айналысуда.   Осындай игі шараны қолдаушы  өңірдің бірі Ұйғыр ауданы. Ондағы еріктілердің фронт-кеңсесінде тәулік бойы әлеуметтік желілерде хабарлама, телефон арқылы тұрғындардың сұранысын қабылдайтын желі жұмыс жасайды. Әлеуметтік желі арқылы көмек сұрап байланысқандар саны – 1, қауырт желінің көмегіне жүгінгендер – 14 адам.

   Еріктілер ұзын саны 6  акция өткізген. Қайырымдылық шарасы барысында, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы  жалпы саны 15 отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз еткен.  Сондай-ақ 50 жанұяға тегін бетперделер таратылған.  «Көп түскірсе-көл» демекші, тамшыдан теңіз құрап халыққа барынша көмек қолын созғандар ауданның еріктілері. Олар өздері  150   мың теңге көлемінде қаржы жинап, шама-шарқы келгенше қайырымдылық жасауда.

Міне осылай, төтенше жағдай кезінде  ерікті жандар жақсылық жасап жарысуда.   Алдағы уақытта Ұйғыр ауданында мұндай игі істер жалғасын табатын болады.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.