
Алматы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті қарасай аудандық қорғаныс бөлімі мен әкімдікпен бірлесе отырып аумақты қорғауды күшейту үшін әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруды бастады. Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап 30 тәулік мерзімге әскери міндеттілердің сандық және сапалық құрамы анықталды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешенімен өзгеде карантин жарияланған аймақты қорғау үшін 5 офицер, 15 сержант, 58 солдат және жиынға шақыруышалр жасақталылды. Олар әрмен қарай Алматы облысы полиция депортаментімен бірлесе ел тыныштығын сақтау мақсатында қызметтерін жалғастыратын болады.
Әскери міндеттілерді іріктеу пункті аудан орталығында орналасқан. Өйткені, арнаулы жиындарға шақырту алушылардың барлығы Қарасай ауданының елді мекендерінде тұрады. 5 сәуірде әскери міндеттілер Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Қонаев көшесі, 1 «№1 БЖСМ » ғимаратында орналасқан», мекемеде толық медициналық тексерістен өтті. Қарасай ауданының әкімдігі спорт кешенінің асханасында үш мезгіл тамақтануды ұйымдастырды, тиісті тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етілді,қазіргі уақытта әскери міндеттілерді орналастыру жүріп жатыр.
Алматы облысы әкімінің 3.04.20 жылы шығарған №142 қаулысын орындау мақсатында Қарасай ауданындағы аумақтық қорғаныс ротасын кеңейту үшін «Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғанысты қамтамасыз ету басқармасы» КММ қоймасынан «Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ-сі материалдық қорлар жіберді. Заттардың ішінде: жаймалар, матрацтар, төсек-орын және дәретханаға керек — жарақтар, киім-кешек қорғаныш комбинезондары, бушлаттар, плащ-жамылғы, киім-кешек толық жиынтықта тиістілік нормаларына сәйкес, жеке қорғаныс құралдары бар. Барлық тауарлар арнайы автомобиль көлігімен Қаскелең қаласындағы әскери міндеттілер орналасқан жерге жеткізілді.
200-ден астам өтініш білдірген әскери міндеттілердің ішінен 78 азамат денсаулықтарының жарамдылығы мен отбасылық жағдайларына байланысты арнайы іріктеліп алынды. Барлығы да өз еркімен келген айбынды азаматтар.