
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2020 жыл- еріктілер жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Қазақтың дархан даласындай кең ниетті жандарды қолдауға бағытталған бұл бастама әрбір азаматты қоғам белсендісі болуға шақырғандай. «Еркіті болу-ерлік» десек, жаны жомарт жандар жарап тұр.
Жақсылып жасап жарысқандағы ізгі амалдары төтенше жағдаймен тұспа-тұс келгені қынжылтады. Бүгінде, еріктілердің бар күші планетамызды жайлаған пандемиямен күресуге жұмсалып жатыр. Еңбастысы, қара бастың қамын ойлап, тұрымтай тұсымен кеткен жоқ. Елмен етене еңбектенуде. Құрметке лайықты.
Республика бойынша еріктілер жанын салып қызмет етуде. Ондағысы өз жұртыма пайдам тисінші деген ниет қана. Дәл сондай, мәрт адамдар Алматы облысы, Іле ауданы, Чапай ауылында тұрады.
Ілелік еріктілер індетпен күресу мақсатында дамыл таппай бетперде тігуде. Аудандық мәдениет үйінің аядай бөлмесіне орналасқан «тігінші-еріктілер» күніне 1200-ден астам бетперде өндіреді. 15 адамнан құралған бұл топтағы апайлардың барлығы орта жастан асқандар. Солардың бірі – Балапан Қадырбекқызы. Кесте тігіп, тоқыма тоқып жүрген кейуана бұл іс баршамызға ортақ дейді. Барлығының мақсаты бір. Ол- халқына қол ұшын созу. Қолдарынан келген ісі арқылы кеселді жеңу жолында табандылық танытып жатқан жайы бар. Олар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарияларға тегін бетперде таратумен айналысуда. Тігінге қажетті барлық заттарды өздері немесе ауыл түрғындары үйлерінен алып келеді. Міне, мәрттік. Чапай ауылының еріктілері осы игі шара барысында ауылымызды толық маскамен қамтамасыз етеміз деп отыр. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып, игі істен қалыс қалмайық.