
Кезекті көктем келіп, жер ананың көктейтін уақыты да келіп жетті. Аграрлы аймақ, Алматы облысының шауалары жаңа маусымда жетістіктерді жаңартуды көздеп отыр. Теңдесі жоқ табиғаты көз тартатын, топырағы құнарлы көркем өлкенің қойнауы астыққа толы. Осы бір алтынға пара-пар дәнді-дақыл арқылы кіндік қаны тамған жерінің қазынасын толтырып отырғандар жетерлік. Соның бірі, Сарқан ауданында орын тепкен шаруа қожалығы. Ата кәсіпті жалғастырушы, шаруашылықтың тізгінін ұстап отырған азаматтың есімі Егемен Амантайұлы. Ата — бабасының атына қойылған «Жұмағали» шаруа қожалығы жаздық арпа, күздік бидай және жүгері өсірумен айналысады. Биылғы жылы ауыспалы егістікті қолдап, басқа да дақыл түрлерін егуді жоспарлап отыр. Осылайша шаруашылыққа тиісті жалпы ауданы 340 га жерді пайдаға жаратпақшы.
Бүгінгі күні шаруа қожалығында ерте көктемде дала жұмыстары басталып кеткен. «Еңбек етсең – емерсің» деген дана халқымыз. Ауыл шаруашылығына көңіл бөлініп жатқанда еріншектікке салыну болмас. Қашанда астық тұқымдары барша халықты асыраған негізгі тағам болды емес пе? Ендеше, егіс алқабы әрі табыс, әрі қорек десек артық айтқандық емес.
Дүние жүзінде экономикалық белсенді халықтардың өзі жан бағып отырған бұл істен табатын пайда ұшан-теңіз. «Еңбегі көптің- өнбегі көп». Барша диқандарға өнім мол болсын демекпіз.