ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 740 адам карантинде

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 20.04.2020
Оқылды: 231 Печать страницы
Алматы облысында 740 адам карантинде

Алматы облысында  соңғы мәліметтерге сәйкес12адам індет жұқтырған. Бұл  ақпарат "Jetisy Media"   алаңында белгілі болды.

Олардың 3  азамат Іле ауданының тұрғындары,  Біреуі терапевт дәрігер қалған екеуі медбике екеніанықталды. Сонымен қатар Кербұлақ ауданында 5 адам  тіркелген. Оның үшеуі бұған дейін инфекция жұқтырған азаматшаның 3 баласы және 2 танысы екені мәлім болды.

-«Қазір ғана мәлімет келіп түсті тағы 4 адам инфекция жұқтырғаны туралы.Барлық 4 адам Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындар.Оның 2 еуі  бұған дейін коронавирус жұқтырған дәрігердің ұлымен  қызы. Сонымен қатар тағы  осыған дейін аптека қызметкері  эпидемия жұқтырды деп хабарлаған болатынбыз, сол кісінің жақын туыстарының 2 кішкентай баласы екені анықталды»,-деп хабарлады Алматы облысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ. 

Бүгінгі таңда  облыс бойынша 740 адам карнатингежабылған. 308 адам үй карантиніңде жатыр.Сонымен қатар Іле ауданындағы  дәрігердің кесел жұқтырған жағдайы таңертең жұмысқа келгенде дене қызуын тексеру барысында анықтылды.Соған орай ауданныңемханасы оқшауланды. Аурухананың 5 бөлімшесіне карантин жасалды .14 күн бойы ешбір адамды шығармайтын болады.Ғимараттың барлық аумағына шектеулер орнатылған.Қазіргі таңда қызметкерлер мен байланыста болған адамдардан сынама алынып жатыр.

Сонымен қатар, облыс бойынша барлық тұрғын үйдің ауласы  , балалар ойнайтын жерде дизенфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.Тағы айта кететін жайт бұл инфекция ауа мен сілекей талшықтарымен тез таралып жатыр және кейбір жағдайда бұл аурудың ешқандай симптомдары байқалмайтын жағы да бар екенің еске саламыз.

Мамандардың айтуынша, халық қаулыдағы ережелерге бағынбайтынға ұқсайды. Бір ғана азамат   50-60 адаммен байланыс орнатады. Соның салдарынан індеттің ілмегіне ілікендер саны артуда екен.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.