ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 1980 адам медицина мамандарының бақылауында

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 25.04.2020
Оқылды: 202 Печать страницы
Алматы облысында 1980 адам медицина мамандарының бақылауында

Алматы облысында Короновирус инфекциясын жұқтырғандар саны -73. Олардың екеуі Алматы қаласындағы ауруханада ем алып жатыр. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, тағы 4 адамның аталған індетке шалдыққаны расталып отыр. 

Еңбекшіқазақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында- 38 науқас, Қарасай ауданындағы орталық жұқпалы аурулар ауруханасында  -19 азамат ем қабылдауда. Және де Шелек ауылындағы медицина мекемесінде – 5 адам кеселмен күресуде. 

Бүгінгі таңда 1980 адам медицина мамандарының бақылауында. Облыс көлемінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарды емдеу мақсатында жұқпалы аурулар ауруханасынан 180 орын жабдықталған.  

Сонымен қатар, 202 реанимациялық төсектер бар, оның ішінде 66 - коронавирустық инфекцияғакүдікті және расталған адамдар үшін.

Амбулаториялық және стационарлық деңгейде 754 дәрігероның ішінде 447 терапевт, 38 инфекционист, 143 реаниматолог, 8 нефролог, 8 пульмонолог, 12 трансфузиолог, 98 невролог қызмет етеді.

Облыстың медицина қызметкерлері жеке қорғануқұралдарымен қамтамасыз етілген (қорғанышкостюмдері – 4 048 дана, бір реттік маскалар – 420 264 дана, респираторлар – 28 950 дана, бір реттікқолғаптар – 334 191 жұпдезинфекциялауқұралдары-24 426 кг). Республикалық бюджет есебінен облысқа 208 мың маскалар, 150 мың жұпқолғап және 32,4 млн.теңгеге 17 протовирустықпрепараттар жеткізілдінауқастарды тасымалдауүшін үш капсула және 54 дана қорғанышкостюмдер (сәуіржеткізіледі деп күтілуде.

ҚР Үкіметінің резервінен 551,3 млн.теңге бөлінді, 20,0 млн. теңге сомаға вирусқа қарсыпрепараттардың 31 атауына және 531,3 млн. теңгесомаға жеке қорғаныс құралдарынадезинфекциялық заттарға тапсырыс берілді.

Бүгінгі күні 1 528 300 бетперделерді жеткізу жүзегеасырылдыоның ішінде республикалық бюджеттен– 206 400 дана, құқық қорғау органдарыментәркіленген – 534 400 дана, гуманитарлық көмек-10 000 дана.

Облыста 4 зертхана жұмыс істейдіонда тәулігіне690 зертханалық зерттеу жүргізіледі.

Айта кетерлік жайт, Алдағы уақытты облысқа өзге өңірлерден Жетісу жерініңғ тұрғындарын арнайы рейспен алып келу жұмыстары жүргізіледі. Естеріңізде болса БАӘ-нен де жерлестеріміз келген болатын. Дәл сондай шаралар тағы қайталануы мүмкін. Қараша халықты жауаптылар даурықпауға шақырады. 

 

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынща, Жетісу жұртшылығына даурығуға негіз жоқ. Барлығы қатаң бақылауда. Тек, халық мамандардың нұсқаулығын жіті орындауы керек. Сонда ғана індеттің кең таралуының алдын алуға болады. 

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.