ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 27.04.2020
Оқылды: 195 Печать страницы
Алматы облысында 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Жыл сайын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етужәне жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеумақсатында Үкімет "Жұмыспен қамтудың Жолкартасын"әзірлейді. Осы бағдарламаның аясындақосымша жұмыс орындары ашылып, елдімекендерде инфрақұрылымды дамыту үшінжағдайлар жасалынуда.

Ағымдағы жылы Алматы облысында 109,2 млрд.теңгеге 977 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда. Ал осының арқасында 20,9 мың адам жұмыс таба аладыБұл туралы "Jetisymediaалаңында өткен баспасөз –мәслихатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасыбасшысының орынбасары Бақыт Жақсыбаевахабарлады.

Облыстық жұмыспен қамту жол картасышеңберінде 59,1 млрд.теңге сомасына 438 әлеуметтік-мәдени нысан күрделі және ағымдағыжөндеуден өткізіпқайта жаңарту және салукөзделгенСонымен қатар 11 828 жұмыс орнықұрылатын боладыСондай-ақөңірде 10,2 мыңорынға арналған мектеп пен 5 ауылдық дәрігерлікамбулатория салынадыСпикердің айтуыншатұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының 91 жобасыинженерлік-көліктік инфрақұрылымның342 жобасы күрделі және ағымдағы жөндеуденөтеді.

"220 елді мекенде 500 км жол жөнделеді. 53 елдімекенде ауыз су сапасы жақсарады және 84 елдімекенді абаттандыру жоспарлануда,9,3 млрд. теңгеге 106 жоба іске асырылады. Ал Жұмыспенқамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңанысандардың құрылысы есебінен 1 830 жаңатұрақты жұмыс орны ашылады",- деді БақытТоқтарқызы.

Естеріңізге сала кетейікбүгінгі күні Жұмыспенқамтудың Жол картасын іске асыруды үйлестіружәне мониторинг жүргізу жөніндегі облыстық жәнеаудандық (қалалықкомиссияның құрамықұрылыпбекітілдіҚазір аудандар мен қалалардакейіннен іске асырылып жатқан жобаларғажұмысқа орналасу үшін жұмыссыз азаматтардыңтізімін қалыптастыру бойынша жұмыстарбасталды.

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.