ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысында алдағы күндері 13 адам індеттен айығады

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 28.04.2020
Оқылды: 212 Печать страницы
Алматы облысында алдағы күндері 13 адам індеттен айығады

Дүниежүзіне тараған инфекция экономикаға әсер етіп жатыр. Оны  Президент Қасым-Жомарт Кемелұлыөзінің үндеуінде тілге тиек етті. 

Осы орайдаелімізде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі Мемлекеттік комиссия карантиндік режимдегі кейбір шағын бизнес, атап айтқанда, автожуу, СТО, шиномантаж, нотариустық қызмет көрсету және тағыда басқа субъектілер жұмысын жандандыру шешімін қабылдады.  

Президенттің шешімімен елде төтенше жағдай режимі 11 мамырға дейін созылды. Бұл барша халықтың амандығы үшін қабылданған шешім. 

Бүгінде Алдматы облысының өзінде 110 адам індет жұқтырған. Оның 9-ы айықса, алдағы күндері тағы 13 адам сауығып шығады деп күтілуде дейді мамандар. 

Сәуір айының 18 жұлдызынан бастап жаппай жедел тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде тексеруден 1400 адам өтті. 

Жедел тестілеуден медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, әскери қызметкерлер және басқалары да өтеді.

«Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Жауғашты кентінің ЛА-155/4 мекемесінде тестілеу барысында короновирустық инфекция тіркелді. Екінші мәрте алынған сынама теріс нәтиже көрсетті. Аталған аймақта карантин режимі алынып тасалынды»,- деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов. 

Осыған байланысты, Іле ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 25 сәуірдегі қаулысымен мекеме аумағында карантин режимі енгізілді.

«Естеріңізде болса 23-27 сәуір де Атырау қаласынан Алматы қаласының әуежайына Алматы облысының 117 тұрғындары бар әуекемесі қоған болатын. Барлығы тексерістен өтіп, кесел анықталмаған еді. Дәл солай, бүгін Бүгін Атырау қаласынан "Теңізшевройл" компаниясының жұмысшылары жалпы саны 104 адам үшінші рейспен  келеді»,- деп атап өтті Батыржан Құлаймергенұлы.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.