ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысының тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 5700ден астам дайын құжатын алған

Санат: ӘЛЕУМЕТ
Уақыты: 30.04.2020
Оқылды: 228 Печать страницы
Алматы облысының тұрғындары ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 5700ден астам дайын құжатын алған


Алматы облысының тұрғындары карантин басталғалы бері ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 5700 ден  астам дайын құжатын алып кеткен. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін. 
Естеріңізге салайық, 26 наурыздан бастап барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  қазақстандықтар үшін бұдан бұрын өтініш берілген, сондай-ақ электронды форматта тапсырыс берілген қызметтер бойынша дайын құжаттарды алып кетуге болатын бірыңғай терезені іске қосты. Бұл үшін әр қала мен аудандарда бір-бір ХҚО белгіленген болатын.
Дайын құжаттарды көбіне Талдыкорган , Қарасай , Іле, Жамбыл Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары алған.
 Бірыңғай терезеде берілген құжаттардың дені – АХАТ құжаттары, жүргізуші куәліктері, көліктің техникалық паспорты мен тіркеу нөмірлері, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің құжаттары, сондай-ақ жеке куәлік пен паспорт. 
Бұл ретте, ТЖ басталғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы мен eGovKzBot2.0 телеграм-боты және eGovMobile қосымшасы арқылы  қызметті онлайн түрде алған. 
Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін. Сенбі – сағат 9.00-14.00 аралығы.
Дайын құжаттарды беруге арналған қалалық және аудандық бөлімдердің тізімін мына жерден көруге болады: gov4c.kz

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.