
Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласының идустриалды аймағында « Жетісу Мажико» агрокешені ашылды.
Жетісу өңірінің экономикалық әл-ауқатыныңартуына үлес қосатын бұл кәсіпорын майлы дақылдар соя, жүгері, күнбағыс өңдеп, өсімдік майын шығаратын болады.
Аймақтағы ірі кешеннің ашылу салтанатына облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы арнайы келді. Өз кезегінде ол барша жетісулықтарды 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ауқымды жобаны қолға алған азаматтарға алғысын білдірді.
"Мен бүгінгі мерекемен қатар ірі зауыттың ашылғанына қуаныштымын. Бұл жетістіктергедостық, бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністіктің арқасында қол жеткіздік. Бұл біздің аграрлық облысымыз үшін өте маңызды кәсіпорын. Инвесторларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Қабылданған шаралардың арқасында өткен жылы облыстың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 950 млрд.теңгені құрады, биыл 1 трлн. теңгеден астам болады деп күтілуде. Жыл сайын дақылдардың көлемін ұлғайтуға басымдық береміз. Бүгінгі ашылып отырған жаңа май өңдеу зауыты даосы бағытта өз үлесін қосады. Осылайша, біз Елбасы қолдаған басты тапсырмалармен бірге жұмыс істейміз", - деді ол.
Жаңа жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылғанын атап өткен жөн. Компанияның бой көтеруі үшін мемлекет тарапынан қолдау да көрсетілген. Атап айтсақ, Талдықорған қаласы аумағынан 2033 жылдың аяғына дейін жалға алу құқығымен 18,85 га жер бөлінген. Аталмыш жобаны іске асыру үшін 5,8 млрд. теңге қаржы игерілген. Әзірге 50 жұмыс орны ашылып отыр, уақыт өте келе жұмыс орнының санын 350-ге жеткізу жоспарланған. Зауытта еңбекетушілердің орташа жалақысы 100 мың теңгені құрайды.
Кәсіпорын алынған өнімнің сапасын жақсарту мақсатында, тұқымды өңдеудің экструзиялық технологиясы қолданылатын Греманияда құрастырылған соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен жасақталған.
Тәулігіне 400 тонна майлы дақылдар өңделеді деп күтілуде. Алдағы уақытта жаңа ашылған өндіріс орны өңірдің агроөнеркәсіптік секторының дамуына ықпал етпек. Осы арқылы жергілікті халық жұмысқа орналасып, бюджетке де салық түсімдері ұлғаяды.
Компанияның бас директоры, Симонов Сергей Александрович. Ал, жаңа өндіріс орнының бас құрылтайшысы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш премьер-министр, Сергей Терещенко. Ол зауыттың пайдасы туралы айтып, қолдау білдірген облыс басшылығына алғысын жеткізді.
«Қазіргі қиын уақытта біз облыс әкімінің қолдауымен достарымызбен осы кәсіпорынды ашуды шештік. Оның құрылысына шамамен 7 жыл уақыт кетті. Жергілікті билік инфрақұрылым жүргізуге көмектесіп, тіпті теміржол жолдарын салды. Өндірілетін өнімді біз таяу елдерге экспорттайтын боламыз", - деді ол.
«Жетісу Мажико» ЖШС-гі әзірге шикі затты Шығыс Қазақстаннан алып отыр. Ал, пістелерді көршілес Ресей елінен алдыртады. Жаңа зауытқа жылына шамамен 100 мыңнан астам шикі зат қажет»,- дейді бас директор Сергей Симонов.
Өнідіріске керекті өнім көлемін толтыру үшін ендігіде жергілікті дақылдарды қолданбақ ниетте. Сол үшін Алматы облысында 200 га жергекүнбағыс пен мақсары өсірілу керек екен. Осы мақсатта аймақ басшылығымен келісім шарт жүргізілген .
Жергілікті билік тарапынан бар жағдай жасалған. Индустриалды аймаққа жол салынып, көгілдір отын жеткізілген. Инженерлік желі де тартылған.
Жұмысын енді бастаған зауыт өніміне сұраныста жоқ емес. Осы күні көршілес Қытай елінен 2 тонна майға тапсырыста келіп түскен. Мұнысы зауыттың нарықта ойып тұрып орын алатынына дәлел.