
Алматы облысы бойынша қар көшкіні, ауыл жәнеөзен арналарының бойында су тасқыны қаупі бараймақтарға тексеру жүргізілді. 1-тоқсанда 13 ауданда 56 тілсіз жау алатын аумақ тексерістен өтті. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Асқар Тойшыбеков хабарлады.
Тексеру нәтижесіне адамдар баратын және автокөлік жүретін жерлерде қар көшкіні қаупі бар ауданында Сарқан, Есік, Түрген, Қорғас өзендері бойынша 24 ақпараттық-ескерту орнатылды.Қазгидрометтен қар көшкіннің болу қаупі туралы дауылды ескерту алған кезде Ұлттық парктің бақылау - өткізу бекеттерінде Қаскелең, Есік, Түрген өзендерінің шатқалдары бойынша адамдар мен демалушылардың кіруіне уақытша шектеулер салынды»,- деді ол.
Облыста төтенше жағдайлар департаментінің бақылауындағы 223 сел қаупі және 185 көшкін қаупі тіркелген аумақ бар.
Баспасөз-мәслихаты барысында Асқар Тойшыбеков орман өрттерінің шығу себептерін айтты. Оныңайтуынша, 2020 жылдың басынан бері ауа райыныңқолайсыздығына байланысты (жауын-шашынсыз) облыс аумағында елді мекендерден тыс жерлердешөп жанған.
"Облыс аумағында орман және дала өрттерін жоюбойынша міндеттерді жедел шешу мақсатындаДепартаменттің әрбір аудандық бөлімшесінде 40 жедел мобильді топ құрылды. Олардың қатарындаазаматтық қорғау, полиция және жергіліктіатқарушы органдардың қызметкерлері бар.
194 бірлік техника мен әр түрлі қызметтер мен ведомстволардың жеке құрамының 1341 адамы, сондай — ақ 1278 бүріккіш құрал, 131 матор сорғысы 12 мың 975 бірлік бекіністік құралдарпайдаланылады" - деп атап өтті полковник.